OBJ_BUCH-2149-001.book Page 107 Wednesday, March 26, 2014 5:19 PM
Қaзақша
Өндіру күні нұсқаулықтың соңғы, мұқаба бетінде
көрсетілген.
Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық құсқаулықтарды оқып орындау
керек. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ
ОРЫНДАҢЫЗ.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы
бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал
қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған
жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын
пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып,
шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралы технологияға байланысты ретте жүз
пайыздық кепілдікті қамтамасыз етпейді.
Қауіптерді алып тастау үшін әр қабырға, төбе
немесе еденді бұрғылау, аралау немесе
фрезерлеуден алдын құрылыс жоспары, құрылыс
фазасындағы фотосуреттер т.б. сияқты басқа
ақпарат көздерінен пайдаланыңыз. Ауа ылғалдығы
немесе электр аспаптарға жақындық сияқты қоршаған
орта әсерлері өлшеу құралының дәлдігіне әсер етуі
мүмкін. Қабырғалардың сипаты мен күйі (мысалы,
ылғал, метал қамтитын құрылыс заттары, тоқ өткізетін
кілемдер, оқшаулау материалдары, плиткалар) және
нысандардың саны, түрі, өлшемі мен күйі өлшеу
нәтижелеріне әсер етеді.
Аккумуляторды пайдалану және күту
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Bosch Power Tools
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
Тек өлшеу құралының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қабырға, төбе мен едендерде нысандарды
ісдеуге арналған. Табандың материалы мен күйіне
байланысты метал нысандарын, ағаш балкаларын, су
толтырылған пластик құбырларын, сым және кабельдерді
табу мүмкін.
Өлшеу құралы шектік мәндерді EN 55011 бойынша
алады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Белгілеу көмегі жоғарыда
2 Жарық диоды
3 Дисплей
4 Белгілеу көмегі солда немесе оңда
5 Сигнал дыбысы пернесі
6 Қосу-өшіру түймесі
7 Жұмыс түрі бетон пернесі
8 Жұмыс түрі әмбебап пернесі
9 Жұмыс түрі гипсокартор пернесі
10 Ұстау аймағы
11 10,8 В аккумулятор немесе AA батарея адаптерін
салу орны
12 Аккумулятор/AA батарея адаптерінің босату пернесі
13 Аккумулятор*
Қaзақша | 107
2 609 141 143 | (26.3.14)