Redmond SkyCoffee RCM-M1509S-E Manual Del Usuario página 131

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 30
All manuals and user guides at all-guides.com
Жинақ
Кофеқайнатқы ....................................... 1 дана
Құман ........................................................ 1 дана
Тазартуға арналған щетка ................. 1 дана
Өндіруші келесі өзгерістер туралы қосымша хабарландырусыз өз өнімдерін жетіл-
діру барысында дизайнға, жинақталуға, сонымен қатар бұйымның техникалық
сипаттамаларына өзгерістер енгізуге құқылы.
Аспаптың құрылымы A1
1. Суға арналған резервуардың қақ-
пағы
2. Суға арналған өлшеуіш шәкілі бар
алмалы-салмалы сұйық қойма
3. Бу шығару саңылауы
4. Сүзгіні ұстағыш
5. Сүзгі ұстағышының фиксаторы
6. Тұтқасы бар алмалы-салмалы сүзгісі
Дисплей және басқару тақтасы A2
A. Ағымдағы уақыт индикаторы / старт-
ты шегеру уақытының индикаторы
B. Құрылғының Ready for Sky қосымша-
сына қосылу индикаторы
C. 12-сағаттық уақыт форматындағы ин-
дикаторлар
D. «Start/Cancel» («Старт/Болдырмау»)
түймешігі
I. ПАЙДАЛАНА БАСТАУ АЛДЫНДА
Бұйым мен оның құрамдастарын қораптан абайлап шығарыңыз. Барлық орау материал-
дары мен жарнамалық жапсырмаларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйым-
ның сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда
сериялық нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан автоматты түр-
де айырыласыз.
Тасымалдау немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдын-
да кем дегенде 2 сағатқа бөлме температурасында ұстау керек.
Құралдың тұрқын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Алмалы-салмалы бөлшектерін жылы
сумен жуып, электр желісіне қосар алдында құралдың барлық элементтерін мұқият
кептіріңіз.
Кофе мәзірі кітабы ............................... 1 дана
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық ..... 1 дана
Сервисті кітапша ................................... 1 дана
7. Төгіліп кетуден қорғайтын кофе
құюға арналған шүмек
8. Құманды қыздыруға арналған металл
пластина
9. Кофеге арналған құман
10. Электр бауды сақтауға арналған
ұяшықты аспап корпусы
11. Электр сымы
E. Дайындау индикаторы
F. «Delay brew» («Шегеру») түймешігі
G. Бастауды кейінге қалдыру тәртібінің
индикаторы
H. «Strength» («Қоюлық») түймешігі
I.
Күштің реттелімі индикаторы
J.
«Hour» («Сағат») батырмасы
K. «Min» («Мин») батырмасы
II. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Ready for Sky технологиясы
Ready for Sky технологиясы планшет немесе смартфонның көмегімен бір атауы бар
бағдарлама-қолданба арқылы құралды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
1. Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қолданылатын құрылғының опе-
рациялық жүйесіне байланысты) App Store немесе Google Play қосымшалар дүкені-
нен Ready for Sky қосымшасын жүктеңіз.
2. Ready for Sky қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және экрандағы
көмекші сөздерді орындап отырыңыз.
3. Күту режимінде «Hour» түймесін басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, құрылғы қысқа
үш сигнал шығарады. Дисплейде
индикаторы жыпылықтайды.
Байланыс орнатылғаннан кейін индикатор үздіксіз жанады.
Егер 10 секунд бойы қосылыс орнатылмаған болса, аспап күту режіміне өтеді күту
режіміне өтеді.
4. Құралдың қашықтықтан басқару мүмкіндіктерін ажырату үшін дыбыс шыққанға
дейін «Min» батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін ұялы құрылғы құралдан 15 метрден
астам емес жерде болуы керек.
Сымсыз желі арқылы аспапты басқару. R4S Gateway қосымшасын орнату бойынша
нұсқаулықты келесі сілтеме арқылы көре аласыз: http://redmond.company/APP_manual_appgateway
Сағатты теңшеу
1. Аспапты электр желісіне қосыңыз. Аспап дыбыстық белгі береді, дисплейде бастапқы
қалып бойынша қойылған уақыт шамасы көрсетіледі (12:00).
2. Уақыт шамасын өзгерту үшін «Delay brew» түймесін басып, бірнеше секунд ұстап
тұрыңыз. Дисплейде уақыт шамасы жыпылықтай бастайды.
3. Сағат мәнін орнату үшін, «Hour» батырмасын, минут мәнін орнату үшін «Min» баты-
рмасын басыңыз. Сағаттар мен минуттарды арттыру бір-бірінен тәуелсіз жүреді.
Диапазонның максималды шамасына қол жеткізгеннен кейін орнату диапазон басынан
басталады. Шаманы жылдам өзгерту үшін қажетті батырманы басып, ұстап тұрыңыз.
4. Баптаған соң, басқару панелінде түймешіктерді 5 секунд ішінде баспаңыз. Өзгерістер
автоматты түрде сақталады.
Бастапқы қалып бойынша уақыт шамасы 24-сағаттық форматты көрсетіледі. 12-сағат-
тық форматқа ауысу үшін ағымдағы уақыттың баптау режимінде «Hour» және «Min»
түймелерін бір уақытта басып, ұстап тұрыңыз. Дисплейде ағымдағы уақыт пен АМ
немесе РМ индикаторы 12-сағаттық форматта шығады.
REDMOND SkyCoffee RCM-М1509S-Е кофеқайнатқышының энергияға тәуелсіз жа-
дысы жоқ. Сондықтан құрылғы электр желісінен уақытша ажыратылған кезде
сағаттар баптауын қайта белгілеу қажет.
SkyCoffee RCM-M1509S-E
KAZ
109
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido