Makita EM407MP Manual De Instrucciones Original página 263

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 64
Қызмет көрсету
Электрлік құралға қызмет көрсетуді тек қаа
1.
жөндеу бойынша білікті аман тиісті қосалқы
бөлшектерді пайдаланып жүзеге асыруы
қажет. Бұл электрлік құралдың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді.
Зақымдалған аккумулятор блоктарына
2.
қызмет көрсетуге болмайды. Аккумулятор
блоктарына қызмет көрсетуді өндіруші немесе
өкілетті қызмет маманы орындауы тиіс.
3.
Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауын орындаңыз.
Саптама-шөп шапқыш (қайшы
типті) қауіпсіздік ескертулері
Ескертулер мен сақтық шаралардағы "машина"
термині саптама-шөп шапқыш (қайшы типті) пен қуат
көзі блогының тіркесімін білдіреді.
Ескертулер мен сақтық шаралардағы "мотор"
термині қуат көзі блогының қозғалтқышын немесе
электр моторын білдіреді.
Жалпы қауіпсіздік
1.
Бірінші рет пайдаланатын немесе
тәжірибесі жоқ оператор дилерден
құрылғыны пайдалану бойынша оқытуды
сұрауы қажет. Балалардың, физикалық,
сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеті төмен
немесе тәжірибесі мен білімі жетіспейтін
адамдардың, сондай-ақ құрылғыны
пайдалану нұсқауларын оқымаған
адамдардың бұл құрылғыны пайдалануына
болмайды.
Құрылғыны тәжірибесінің бар болғаны
2.
туралы дәлелі бар адамдарға ғана
бергеніңіз дұрыс. Пайдалану нұсқаулығын
бірге беріңіз.
3.
Құрылғыны пайдаланған кезде жасап
жатқан жұмысыңызға қырағылық танытып,
мұқият болыңыз. Шаршағанда немесе
есірткі, алкоголь не дәрі-дәрмектің әсерінде
болған кезде құрылғыны пайдаланбаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезіндегі
алаңғасарлықтың бір сәті ауыр жарақатқа
себеп болуы мүмкін.
4.
Құрылғыны нашар ауа райы
жағдайларында, әсіресе найзағай тию қаупі
бар болған жағдайда пайдаланбаңыз.
Далада пайдалануға арналған қуат
5.
құрылғыларын пайдалануға қатысты
мемлекеттік және жергілікті ережелерді
орындаңыз.
Машинаның мақсатты
пайдаланылуы
Машина тек шөпті, арамшөптерді, бұталарды
және бұтақтарды кесуге арналған. Машинаны
ешқашан басқа мақсатпен пайдалануға
болмайды. Көрсетілмеген мақсатта пайдалану ауыр
жарақат алуға әкелуі мүмкін.
Жеке қорғаныс жабдығы
1.
Әрдайым ауыр, ұзын шалбар, берік
аяқ-киім, қолғап және жеңі ұзын жейде
киіңіз. Салбырап тұратын киім, зергерлік
бұйымдар, қысқа шалбар, сандалдар
киюге немесе жалаңаяқ жүруге болмайды.
Иығыңызға түспеу үшін, шашыңызды
жинаңыз.
Заттардың құлау қаупі бар жерде каска
2.
киіңіз.
Құлақ бітеуіштері сияқты құлақ қорғанысын
3.
тағыңыз. Шуылдың әсері есту қабілетінің
жоғалуына әкелуі мүмкін.
4.
Әрдайым табаны сырғанамайтын берік
аяқ-киім киіңіз. Бұл аяғыңызды жарақаттан
қорғайды және жақсы негізді қамтамасыз етеді.
Қажет болса, шаңнан қорғайтын дулыға
5.
тағыңыз.
Пайдалану алдындағы дайындық
1.
Пайдалану алдында әрдайым құрылғының
қолданысқа дайын екендігін тексеріңіз:
Жанармайдың ақпайтынын тексеріңіз.
Барлық бекіткіштердің өз орнында
болып, мықтап бекітілгеніне көз
жеткізіңіз.
Зақымдалған бөлшектерді
ауыстырыңыз.
Кескіш құралдың дұрыс орнатылып,
мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Кескіш құралдың сақтандырғышы осы
нұсқаулықта көрсетілгендей орнына
дұрыс бекітілгенін тексеріңіз.
Дроссель тетігінің, құлыпты ашу
тетігінің және басқа да басқару
қосқыштарының дұрыс және біркелкі
жұмыс істейтіндігін тексеріңіз.
Құрылғыны тиісті түрде басқару үшін
тұтқаларды тазалаңыз.
Тұтқалардың осы нұсқаулықта
көрсетілгендей орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Осы нұсқауларды орындамау ауыр жарақатқа
әкелуі мүмкін.
2.
Өткір пышақты пайдаланыңыз. Майысқан,
пішіні бұзылған, сынған, жарылған,
уатылған немесе басқа да жолмен
зақымдалған жүздерді қоқысқа тастаңыз.
Өтпейтін жүз кептеліп қалып, кері соққы тигізуі
мүмкін.
3.
Жүзді дұрыс бекіту үшін қажетті
бөлшектердің барлығын пайдаланыңыз.
Бөлшектердің дұрыс бекітілмеуі нәтижесінде
жүз ұшып кетіп, операторға және/немесе
маңайдағы адамдарға ауыр жарақат тигізуі
мүмкін.
Жанармай құю
1.
Жанармай құймай тұрып, қозғалтқышты
өшіріңіз. Ашық жалын мен ұшқындардан
алыс ұстаңыз. Жанармай құю кезінде темекі
тартуға болмайды. Өрт және/немесе жарылыс
орын алуы мүмкін.
263 ҚАЗАҚША
Tabla de contenido

Solución de problemas

loading

Tabla de contenido