Bosch GSR 1080-2-LI Professional Manual Original página 113

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 22
OBJ_BUCH-2309-003.book Page 113 Wednesday, October 5, 2016 3:56 PM
Бұрғылау патронын ауыстыру
Бекіту бұрандасын алып қою (C суретін қараңыз)
Жылдам тарту бұрғы патроны 1 бұрғылау шпинделінен
кездейсоқ босап кетпеуі үшін бекіту бұрандасымен 13
бекітілген. Жылдам тарту бұрғы патронын 1 толық ашып
бекіту бұрандасын 13  бұрау бағытында бұрап
шығарыңыз. Тоқтатқыш бұрғысында сол бағыттық
ойма болатынына назар аударыңыз.
Бұрғы патронын шешу (D суретін қараңыз)
Алты қырлы дөңгелек кілтті 14 қысқа тұтқамен алдына тез
қысатын бұрғылау патронына 1 қысыңыз.
Электр құралын тұрақты негізге, мысалы верстакқа
қойыңыз. Электр құралын бекем ұстап тез қысатын
бұрғылау патронын 1 алты қырлы дөңгелек кілтті 14
айналу бағытында  бұрап босытыңыз. Қатты тұрған тез
қысатын бұрғылау патронын алты қырлы дөңгелек кілттің
14 ұзын тұтқасына жай қағып босату мүмкін. Алты қырлы
дөңгелек кілтті тез қысатын бұрғылау патронынан
шығарып тез қысатын бұрғылау патронын толық бұрап
шығарыңыз.
Бұрғы патронын орнату (E суретін қараңыз)
Тез қысатын бұрғылау патронын орнату кері әдісте
орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 1,5–2,0 Нм
бекіту моментімен бекемдеуге болады.
Бекіту бұрғысын 13 сағат тіліне қарсы ашылған жылдам
тартылатын бұрғылау патронына бұрап кіргізіңіз.
Әрдайым жаңа бекіту бұрандасын пайдаланыңыз, өйткені
оларда бірнеше рет пайдаланудан соң жойылатын бекіту
желімі бар.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Ескертпе: Электр құралыңызға арналмаған
аккумуляторды пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе
электр құралының зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын 8 ұяшыққа
бекітілгенін және ұяшыққа берік тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз. Зарядталған аккумуляторды 7 разъемға
бекітілгенін және разъемға тығыз тиіп тұрғанын сезгенше
салыңыз.
Айналу бағытын орнату (F суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышының 8 көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ
қосқышты/өшіргішті 9 басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: Бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын
8 солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: Бұрандалар мен сомындарды
босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын 8 оңға тірелгенше басыңыз.
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін орнату сақинасының 4 көмегімен
15 деңгей ішінен қажет айналдыру моментін таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы шуруп
материалмен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
Күйде „
" бекіту тіркесуі белсенді болмайды, мысалы,
бұрғылау үшін.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса төмендегі таңбаға
орнатыңыз „
".
Берілістің механикалы таңдалуы
 Беріліс ауыстырып-қосқышын 5 тек электр құралы
тоқтағаннан соң пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышынында 5 2 айналымдар
сандарының көлемін таңдау мүмкін.
Беріліс I:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
Беріліс II:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы 5 тірелгенше жылжымаса,
бұрғы патронын бұрғы менен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті 9 басып
тұрыңыз.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 9
жіберіңіз.
1 609 92A 2EY | (5.10.16)
Қaзақша | 113
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido