МАҢЫЗДЫ ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАҢЫЗ – Осы нұсқаулықта UPS жəне батареяларды орнату мен күту
барысында сақтау қажет PowerWalker VI 400 SE/600 SE/800 SE/1000 SE/1400 SE/2000 SE
модельдеріне арналған маңызды нұсқаулар бар.
•
Осы өнім компьютерлерге арнайы жасақталған жəне оны тұрмыстық жүйеде жəне басқа
белгілі бір күрделі жабдықта пайдаланбаған жөн.
•
Осы жабдықты арнайы оқытудан өтпеген адам пайдалана алады.
•
Шаш кептіргіш сияқты тұрмыстық құралдарды UPS ұяшықтарына жалғамаңыз.
•
Бұл құрал реттелетін ортада орнатуға арналған (жылуы реттелетін, сыртқы аумағы өткізгіш
ластағыштардан таза). UPS құралын тұрған немесе ағып жатқан су немесе шамадан тыс
ылғалдылық бар орындарда орнатпаңыз.
•
Электр тартылу қаупі, сыртын ашпаңыз. Ішінде пайдаланушы қызмет көрсете алатын бөліктер
жоқ. Қызмет көрсету үшін білікті мамандарға хабарласыңыз.
•
Қызметтік қорек шығысы жабдықтың жанында жəне оңай қол жетімді болуы керек. құралын
қорек кірісінен оқшаулау үшін, айырды қызметтік қорек шығысынан суырыңыз.
•
Егер UPS құралын ұзақ уақыт бойы сақтау қажет болса, батареяның отырып қалмауы үшін
батареяларды айына 24 сағат толтырып отырған жөн (қызметтік қорек көзіне UPS жалғап,
"ON" басыңыз).
•
UPS құралын рұқсат етілген жүктеме шамасынан тыс пайдаланбаңыз.
•
UPS бір/екі көлемді батареядан тұрады. Сондықтан сөрені ашпау керек, əйтпесе электр
тартылу сияқты қауіп орын алуы мүмкін. Егер батареяның ішкі жөндеуі немесе ауыстырылуы
қажет болса, дистрибьюторға хабарласыңыз.
•
Ішкі UPS қысқа түйісуі электр тартылу немесе өрт сияқты қауіпті жағдайларға əкеледі,
сондықтан электр тартылу сияқты қауіпті болдырмау үшін UPS үстіне су ыдыстарын (мысалы,
су стаканы) орналастырмау керек.
•
Батареяны немесе батареяларды жалынға тастамаңыз. Батарея жарылуы мүмкін.
•
Батареяны немесе батареяларды ашпаңыз немесе зақымдамаңыз. Шығарылатын электролит
тері мен көзге зиян келтіреді. Ол улы болуы мүмкін.
•
Қуат жапсырмасындағы Φ белгішесі фаза нышанын білдіреді.
•
Батарея электр тартылу мен қысқа түйісу қаупін төндіреді. Батареялармен жұмыс істеген
кезде мына сақтық шараларын сақтау қажет:
•
Қол сағаттарын, сақиналарды немесе қолдағы басқа метал заттарын шешіп тастаңыз.
•
Тұтқалары оқшауланған құралдарды пайдаланыңыз.