Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GHG 18V-50 Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GHG 18V-50 Professional:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 19
98 | Қазақ
Алғаш рет қолданысқа енгізу кезіндегі түтіннің пайда
болуы
Металл беттер зауыттан тот басудан қорғайтын
қаптамамен қорғалып шығарылады. Бұл қорғаныш
қаптама алғаш рет қолданысқа енгізген кезде буға
айналады.
Өндірістік процесс барысында ыстық ауа пистолетінің
саптамасында (1) түссіздену орын алуы мүмкін. Бұл
зақым болып есептелмейді және ыстық ауа пистолетінің
жұмысына әсер етпейді.
Қуат деңгейін таңдау
Қуат деңгейін реттеу (3) арқылы 2 түрлі қуат деңгейінің
бірін таңдауға болады. Ауыстырып қосқан кезде, жарық
диодты жұмыс шамы қысқаша жыпылықтайды:
– 300°C деңгейі
Бұл деңгей арқылы, мысалы, су құбырларын ерітуге
немесе термошөгімді шлангілерді өңдеуге болады.
Қосқаннан кейін, бұл температураға 6 секундтан аз
уақытта қол жеткізіледі. Толық зарядталған 8 А‑сағ
аккумулятормен жұмыс уақыты ең көбі 21 минут
құрайды.
– 500°C деңгейі
Бұл деңгей арқылы, мысалы, лакты кетіруге немесе
жұмсақ дәнекерлеуге болады.
Қыздыру уақыты бойынша мәліметтер бөлме
температурасындағы өлшеу әрекеттеріне қатысты болып
келеді.
Қосу
Қосу үшін алдымен босату қосқышын (4) басып, содан
кейін ажыратқышты (5) басыңыз. Іске қосқаннан кейін
босату қосқышын (4) жіберуге болады, босату
қосқышын (4) жұмыс барысында ары қарай басу қажет
емес.
Ыстық ауа пистолетін іске қосқан кезде, жарық диодты
жұмыс шамы (6) қосылып, жұмыс аймағын
жарықтандырады.
Өшіру
Өшіру үшін ажыратқышты (5) жіберіңіз.
Ыстық ауа пистолетін суыту үшін аккумуляторға (9)
қойыңыз.
Қайта іске қосылудан қорғаныс
Егер аккумулятор (9) жұмыс істеп тұрғанда ыстық ауа
пистолетінен шығарылса және ажыратқыштың (5)
басылып тұрған күйінде қайта салынса, қайта іске
қосылудан қорғаныс іске қосылады. Жарық диодты
жұмыс шамы (6) жыпылықтап, ыстық ауа пистолеті іске
қосылмайды.
Ажыратқышты (5) жіберіңіз және содан кейін ыстық ауа
пистолетін әдеттегідей қосыңыз.
Аккумуляторға арналған қатты қызудан қорғаныс
Егер аккумулятор (9) жұмыс барысында тым қатты қызып
кетсе, қуат азайтылады. Жарық диодты жұмыс шамы (6),
ажыратқыш (5) басылған кезде, баяу жыпылықтайды.
1 609 92A 6F5 | (21.07.2021)
Ыстық ауа пистолеті ары қарай пайдаланылған және
аккумулятор температурасы ары қарай көтерілген
жағдайда, ыстық ауа пистолеті өз бетінше өшіп қалады.
Азайтылған қуат
Ыстық ауа пистолеті Bosch Professional ұсынған
қолданыстағы барлық 18 В аккумуляторлармен
үйлесімді.
Ұсынылған 4 А-сағ шамасынан кіші аккумуляторлары бар
ыстық ауа пистолеті пайдаланылған жағдайда, ыстық ауа
пистолеті 500°C деңгейінде толық қуат көлеміне жетпейді
(температураға қол жеткізілмейді және ауа мөлшері
азаяды). Ыстық ауа пистолетінің тек азайтылған қуатпен
жұмыс істегенін көрсету үшін, жарық диодты жұмыс
шамы (6) қосу кезінде бірнеше рет баяу ырғақпен
жыпылықтайды.
Жарық диодты индикаторлар
Жарық диодты жұмыс шамы (6) жарық диодты күй
индикаторы ретінде де қолданылады.
Жарық диоды арқылы
Оқиға сипаттамасы
хабар
Қысқаша жыпылықтау
Температура өзгерісі
Ыстық ауа пистолетін іске
Азайтылған қуат
қосқан кездегі бірнеше рет
(қолданылатын
жыпылықтау
аккумулятор < 4 А-сағ)
Ажыратқыш (5) басылған
Қайта іске қосылудан
қорғаныс
кездегі баяу ырғақпен
жыпылықтау
Аккумуляторға арналған
қатты қызудан қорғаныс
Ажыратқыш (5) басылған
Ішкі қате
кездегі жылдам ырғақпен
жыпылықтау
Егер ыстық ауа пистолетінде ішкі қате ұзақ уақыт
көрсетілсе (ыстық ауа пистолеті іске қосылмайды немесе
жұмыс істеп тұрғанда өшіп қалады), қызмет көрсету
орталығына жолығыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Нұсқау: саптаманы (1) өңделетін дайындамаға тым қатты
жақындатпаңыз. Пайда болатын ауа қысымы ыстық ауа
пистолетінің қатты қызуына әкелуі мүмкін.
Жылу оқшаулағышын алып тастау
Тым тар жерлерде жұмыс істеу үшін жылу
оқшаулағышын (2) бұрап шығаруға болады.
Ыстық саптамадан абай болыңыз! Жылу
u
оқшаулағышынсыз жұмыс істеу кезінде күйіп қалу
қаупі өте жоғары болады.
Жылудан қорғанысты (2) алып тастау үшін ыстық ауа
пистолетін өшіріп, суытыңыз.
Жұмыс мысалдары (A–D суреттерін қараңыз)
Жұмыс мысалдарының суреттерін графикалық беттерден
таба аласыз.
Bosch Power Tools
loading