Redmond SkyCoffee RCM-M1505S-E Manual Del Usuario página 118

Tabla de contenido
Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз да,
оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның қыз-
метінің мерзімін ұзартады.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
• Осы бұйымды пайдаланбас бұрын пайдалану бойынша нұсқаулықты
мұқият оқып шығыңыз да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз.
Аспапты дұрыс пайдалану оның қызметінің мерзімін ұзартады.
• Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын және бұйымды
пайдалану ережелерін сақтамаудан туындаған зақымдар үшін жа-
уап бермейді.
• Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үйлерде, қонақ үй
нөмірлерінде, тұрмыстық нөмірлерде, дүкендердің тұрмыстық
бөлмелерде, офистер мен өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез
келген басқа осындай жағдайларда пайдаланыла алады. Құрылғы-
ны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз пайдалану бұйымды
тиісті түрде пайдалану шарттарын бұзу болып саналады. Бұл
жағдайда өндіруші ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның кернеуі аспаптың
номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз (бұйымның тех-
никалық сипаттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген ұзартқыш қолданыңыз:
параметрлердің сәйкессіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің
жануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
118
• Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана қосыңыз, — бұл электр
қауіпсіздігінің міндетті талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның
жерлендірілетініне көз жеткізіңіз.
• Аспапты қолданған соң, сонымен қатар оны тазалаған немесе тасы-
малдаған кезде розеткіден өшіріңіз. Электр бауын сымынан емес,
штепселінен ұстап тұрып, құрғақ қолмен шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жұмыс кезінде аспап қызады! Абай
болыңыз! Аспап корпусына жұмыс істеп тұрғанда қол
тигізбеңіз.
• Аспапты тек мақсатына қарай қолданыңыз. Аспапты осы нұсқаулықта
көрсетілгендерден ерекшеленетін мақсаттарда пайдалану пайда-
лану ережелерін бұзу болып табылады.
• Электр қоректендіру бауын есік қуыстарында немесе жылу көздерінің
жанында тартпаңыз. Электр бауының бұралмағанын және иілмегенін,
үшкір заттарға, бұрыштар мен жиһазға тимегенін қадағалаңыз.
Жадыңызда болсын: электр қоректендіру кабелі
зақымдалуы кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін
ақауларға, сонымен қатар электр тоғына ұрынуға әкеліп
соқтыруы мүмкін. Зақымдалған электр кабелі сервис-
орталықта жедел ауыстыруды талап етеді.
• Азық салынған табақты жұмсақ және ыстыққа төзбейтін бетке ор-
натпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз, бұл құрылғының жұмысы-
ның бұзылуына және сынуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido