Epson L100 Manual Del Usuario página 56

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 81
Қағаз бағыттауышын тазалау (тек L100/L200 модельдерінде)
Қағаз бағыттауышында шамадан көп сия қалып қойған кезде басып шығарылған қағаздың артында дақты
байқауыңыз мүмкін. Қағаз бағыттауышы принтер ішіндегі қара пластик жолақ болып табылады. Бұл
жағдайда Paper Guide Cleaning қызметтік бағдарламасы арқылы ақаулықты шешуге болады.
1. Epson Printer Utility 4 бағдарламасына кіріңіз.
2. Paper Guide Cleaning белгішесін нұқыңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бағдарламаны жою
Кейбір ақаулықтарды шешу үшін немесе амалдық жүйесін жаңарту үшін бағдарламаны жою және қайта
орнату қажет.
Ескертпе:
Бағдарламаны жою үшін Uninstaller бағдарламасын жүктеп алу қажет.
Мына торапқа кіріңіз: http://www.epson.com. Кейін жергілікті Epson веб-торабының
қолдау бөлімін таңдаңыз.
Бағдарламаларды жою үшін компьютерді басқару тіркелгісіне кіру керек. Егер шектелген
тіркелгі пайдаланушысы ретінде кірсеңіз, бағдарламаларды жоя алмайсыз.
Орналастырылған бағдарламаға байланысты Установщик бағдарламасын Uninstaller
бағдарламасынан бөлуге болады.
1. Барлық іске қосылған бағдарламалардан шығыңыз.
2. Mac OS X қатты дискісіндегі Uninstaller белгішесін екі рет нұқыңыз.
3. Көрсетілген тізімнен жойылатын бағдарлама құсбелгісін қойыңыз.
4. Uninstall пәрменін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Егер Uninstaller терезесінде жойылатын бағдарламаны табу мүмкін болмаса, Mac OS X қатты
дискісіндегі Applications қалтасын екі рет нұқыңыз, жойылатын бағдарламаны таңдаңыз
және оны Trash белгішесіне сүйреңіз.
Ескертпе:
Егер принтер драйверін жойып, принтер атауы Print & Scan (Mac OS X 10.7 жүйесі үшін)
немесе Print & Fax (Mac OS X 10.6 немесе 10.5 жүйесі үшін) терезесінде қалып қойса,
принтер атауын таңдап, - (алып тастау) түймешігін басыңыз.

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

L200L800

Tabla de contenido