Indesit IDV 75 Manual De Instrucciones página 67

Ocultar thumbs Ver también para IDV 75:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 21
Кептіргіш сипаттамасы
Алдыңғы жағы
Басқару тақтасы
Барабан
Сериялық
нөмір және
үлгі нөмірі
Сүзу нұсқасы
Басқару тақтасы
Кептіру уақытын таңдау тұтқасы
Ол кептіру уақытын орнату үшін қолданылады: индикатор қажетті кептіру уақытына орнатылғанша тұтқаны сағат тілі
бағытымен бұраңыз (Кептіру параметрлерін қараңыз). Тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұрауға әрекеттенбеңіз.
Жоғары қызу түймесі
Оны таңдалған бағдарламаны өз қажеттіліктеріңізге сай реттеу үшін қолдануға болады.
БАСТАУ түймесі
Кептіруді бастау үшін осы түймені басыңыз.
Кептіру циклын орындау жолы
Кептіру бағдарламасын бастау
1. Кептіргішті розеткаға қосыңыз.
2. Кірлердің түріне қарай кептіру бағдарламасын таңдаңыз («Кірлер» тарауын қараңыз).
3. Есікті ашып, сүзгі таза әрі мықтап орнатылғанына көз жеткізіңіз.
4. Кірлерді құрылғыға салып, есік пен есік тығыздағышының арасында ешбір зат қалып қоймағанына көз жеткізіңіз. Есікті
жабыңыз.
5. Индикатор салынған мата түріне ең қолайлы кептіру уақытына орнатылғанша «Кептіру уақытын таңдау» тұтқасын
бұраңыз. Мата түрі мен салуға болатын кір салмағы арасындағы қатынасты көру үшін кестені қараңыз (Кептіру
параметрлерін қараңыз) және әрбір мата түріне қатысты нұсқауларды білетініңізге көз жеткізіңіз («Кірлер» тарауын
қараңыз). Тұтқаны сағат тіліне қарсы бағытта бұрауға әрекеттенбеңіз.
6. Қажет болса, ЖОҒАРЫ ҚЫЗУ түймесінің көмегімен температураны орнатыңыз.
7. Кептіру циклын бастау үшін БАСТАУ түймесін басыңыз.
Кептіру бағдарламасы орындалып жатқан кезде кірлерді тексеруге және кез келген кепкен киімдерді шығарып алуға
болады, ал қалған заттар әрі қарай кептіріле береді. Есікті жапқаннан кейін құрылғының жұмысын жалғастыру үшін
БАСТАУ түймесін басыңыз.
8. Соңғы САЛҚЫН АЙНАЛДЫРЫП КЕПТІРУ кезеңі (яғни, маталарды салқындату) кептіру бағдарламасының соңғы
бірнеше минутында іске қосылады; әрқашан бұл кезеңнің аяқталуын күтіңіз.
9. Есікті ашып, кірлерді шығарып алыңыз, одан кейін сүзгіні тазалап, оны орнына қойыңыз.
10. Кептіргішті розеткадан ағытыңыз.
Артқы жағы
Номиналды қуат
тақтасы
Сақтандыру, жоғары
температура
Жоғары қызу
түймесі
Кептіру уақытын
таңдау тұтқасы
Ауаның кіріс
саңылауы
Желдету түтігін
қосу
Бастау
түймесі
67
KZ
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido