Makita UB400MP Manual De Instrucciones Original página 209

Accesorio de soplado
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 39
Техникалық қызмет көрсету және сақтау
Ауаүрлегіштің қауіпсіз жұмыс жағдайында
1.
екеніне көз жеткізу үшін, барлық
сомындарды, болтар мен бұрандаларды
мықтап бекітіңіз.
2.
Бөлшектері тозса немесе зақымдалса,
оларды Makita компаниясы ұсынған
бөлшектермен ауыстырыңыз.
3.
Ауаүрлегішті құрғақ және балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
4.
Ауаүрлегішті тексеру, қызмет көрсету,
сақтау немесе керек-жарақты ауыстыру
үшін тоқтатқанда, оны өшіріп, барлық
қозғалмалы бөлшектерінің толық
тоқтағанына көз жеткізіңіз және аккумулятор
картриджін немесе оталдыру білтесінің
қақпағын алыңыз. Ауаүрлегішпен кез келген
жұмыс істеу алдында, оны суытыңыз.
Ауаүрлегішке абайлап техникалық қызмет
көрсетіңіз және оны таза ұстаңыз.
5.
Ауаүрлегішті сақтау алдында, оны әрқашан
суытыңыз.
6.
Ауаүрлегішті жаңбыр астында
қалдырмаңыз. Бөлме ішінде сақтаңыз.
Ауаүрлегішті көтергенде, тізеңізді бүгіңіз
7.
және арқаңызға зақым келтірмес үшін сақ
болыңыз.
8.
Өрттің пайда болу қаупін азайту үшін
жабдыққа ешқашан өртке жақын жерде
қызмет көрсетпеңіз.
9.
Жабдықты шаңнан және кірден үнемі
тазалап тұрыңыз. Тазалау үшін
жанармайды, бензинді, сұйылтқышты,
спиртті немесе соған ұқсас заттарды
ешқашан пайдаланбаңыз. Пластик
құрамдастарының түссізденуі, құрал пішінінің
өзгеруі немесе жарықтар пайда болуы мүмкін.
10. Әрбір рет қолданып болғаннан кейін
карбюраторды реттейтін бұрандалардан
басқа барлық бұрандалар мен сомындарды
қатайтыңыз.
11.
Нұсқаулықта немесе қуат блогының
нұсқаулығында сипатталмаған техникалық
қызмет көрсету не жөндеу жұмыстарын
жүргізуге тырыспаңыз. Осындай
жұмыс туралы өкілетті қызмет көрсету
орталығымызға хабарласыңыз.
12. Керек-жарақтарды майлау және ауыстыру
нұсқауларын орындаңыз.
13. Тек түпнұсқа қосымша бөлшектеріміз
бен керек-жарақтарымызды ғана
пайдаланыңыз. Үшінші тараптың бөлшектерін
немесе керек-жарақтарын пайдалану —
жабдықтың сынуына, мүліктің зақымдалуына
және/немесе ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін.
14. Біздің өкілетті қызмет көрсету
орталығымыздан машинаны тұрақты
аралықта тексеріп, техникалық қызмет
көрсетуді сұраңыз.
15. Машинаны сақтамас бұрын, оны толық
тазалап, техникалық қызмет көрсетіңіз.
Оталдыру білтесінің қақпағын немесе
аккумулятор картриджін шешіп алыңыз.
Қозғалтқыш салқындағаннан кейін
жанармайды төгіңіз.
16. Жабдықты қабырға сияқты нысандарға
сүйемеңіз. Әйтпесе ол кенеттен құлап,
жарақаттауы мүмкін.
Аккумулятормен жұмыс істейтін құралды
пайдалану және күтім жасау
1.
Тек өндіруші көрсеткен зарядтау
құрылғысымен зарядтаңыз. Бір аккумулятор
блогына сәйкес келетін зарядтау құрылғысын
басқа аккумулятор блогымен пайдалану өрт
қаупін тудыруы мүмкін.
2.
Электрлік құралдарды тек көрсетілген
аккумулятор блоктарымен пайдаланыңыз.
Кез келген басқа аккумулятор блоктарын
пайдалану жарақат алу мен өрт шығу қапуін
тудыруы мүмкін.
3.
Аккумулятор блогын пайдаланбаған кезде,
оны қағаз қыстырғыштар, тиындар, кілттер,
шегелер, бұрандалар сияқты металл заттар мен
бір клеммадан екіншісіне қосылыс жасау мүмкін
басқа шағын металл заттардан аулақ ұстаңыз.
Аккумулятор клеммаларының қысқа тұйықталуы
күйік шалуға немесе өртке әкеп соғуы мүмкін.
4.
Дұрыс пайдаланбаған кезде аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін; оған тимеуге
тырысыңыз. Егер абайсызда тиіп кетсеңіз, сумен
шайыңыз. Егер сұйықтық көзге тиген болса,
медициналық көмекке жүгініңіз. Аккумулятордан
шыққан сұйықтық тітіркену немесе күйікке себеп
болуы мүмкін.
5.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумулятор блогын пайдаланбаңыз.
Зақымдалған немесе өзгертілген
аккумуляторлардан нәтижесінде өрт, жарылыс
немесе жарақат алу қаупіне әкелетін күтпеген
жағдайлар туындауы мүмкін.
6.
Аккумулятор блогын немесе құралды от
немесе шамадан тыс жоғары температура
шығаратын заттың жанына қоймаңыз. Отқа
түссе немесе температура 130 °C-тан жоғары
болса, жарылуы мүмкін.
7.
Зарядтауға қатысты нұсқаулардың
барлығын орындаңыз және аккумулятор
блогын немесе құралды нұсқауларда
көрсетілген температура ауқымынан тыс
зарядтамаңыз. Дұрыс зарядтамалмаса
немесе көрсетілген ауқымнан тыс
температурада зарядталса, аккумулятор
зақымдалуы және өрт шығу қаупі артуы мүмкін.
Электрлік және аккумулятор қауіпсіздігі
1.
Аккумулятор(лар)ды отқа тастамаңыз.
Элементі жарылуы мүмкін. Кәдеге жарату
бойынша арнайы ықтимал нұсқауларды
жергілікті нормалардан қараңыз.
2.
Аккумулятор(лар)ды ашпаңыз немесе
бүлдірмеңіз. Құрамындағы электролит өте
улы және көз немесе теріні зақымдауы мүмкін.
Жұтып қойған жағдайда улы болуы мүмкін.
Аккумуляторды жаңбыр астында немесе
3.
ылғалды жерлерде зарядтамаңыз.
Аккумулятор картриджін сыртта
4.
зарядтамаңыз.
5.
Зарядтау ашасымен және клеммаларымен
қоса зарядтау құрылғысын дымқыл қолмен
ұстамаңыз.
209 ҚАЗАҚША
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido