Viking LE 540 Manual De Instrucciones página 428

Ocultar thumbs Ver también para LE 540:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 97
• Дөңгелек жалпақ басты
бұрандаларды (2)
шоғырсымды ұстаушы
арқылы кіргізіп, ішінен
тесіктер арқылы сыртқа
шығарып, тұтқалармен (3)
бұрап бекітіңіз.
• Кабельді майысудан
қорғауға (5) суретте
көрсетілгендей іліңіз.
• Арқанды кабельді
майысудан қорғауға (6)
сол жағынан суретте
көрсетілгендей іліңіз.
• Кабель қысқышы (4) бар
электрлік кабельді бас
тұтқаның төменгі бөлігі
және бас тұтқаның
жоғарғы бөлігіне бекітіңіз.
Бас тұтқаның жоғарғы
бөлігінде кабель қысқышы
мен ажыратқыш арасында
25 - 27 см қашықтықты
сақтаңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Ток соғу қаупі бар!
Бас тұтқаның жоғарғы
бөлігі оқшауланған
қабатпен жабылған, ол
кабель қысқышын бекіту
кезінде зақымдалуы
мүмкін.
Кабель қысқыштарын тек
қолмен басыңыз.
Орнату үшін гайка кілті
немесе балға сияқты
ешқандай құралдарды
пайдаланбаңыз.
Бас тұтқаны жинау:
Құрылғыны тазалау және
бас тұтқаның жоғарғы бөлігін
орынды үнемдеп
тасымалдау және сақтау
үшін жинаңыз.
НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ!
Жарақат алу қаупі бар!
Қосу алдында қозғалтқыш
өшірілген және қуат сымы
ажыратылған болуы керек.
Бас тұтқаның жоғарғы
бөлігіде кернеу болмауы
керек (мысалы, бас тұтқаға
оралған сым немесе
ұзартқыш көмегімен).
Қысылу қаупі бар!
Айналмалы тұтқалар
босаған жағдайда бас
тұтқаның жоғарғы бөлігі
бүгілуі мүмкін. Сондықтан
айналмалы тұтқаларды
бұрап алып жатқанда бас
тұтқаның жоғарғы бөлігін
(A) бір қолмен ең жоғарғы
нүктеде ұстаңыз.
Айналмалы тұтқаларды (3)
алға-артқа еркін
жылжығанша бұрап алыңыз.
Бас тұтқаның жоғарғы бөлігін
жинап, құрылғыға қойыңыз.
НҰСҚАУ
Айналмалы тұтқалардың
еркін айналуына сіз өзіңіз
бұрап кіргізген бұрандалар
кедергі жасайды (өздігінен
бұрап босатылудан
қорғау).
07.02 Жұмыс
ауқымдылығын орнату
6 түрлі жұмыс
ауқымдылығын орнатуға
болады.
1-деңгей: ең кіші жұмыс
ауқымдылығы
6-деңгей: ең үлкен жұмыс
ауқымдылығы
Реттеу ауқымы 25 мм-ді
құрайды.
Қадам
:
• Аэратор блогының
иінтірегін (L)
күйіне
орнатыңыз.
(Тасымалдау күйі
«Аэратор блогын
көтеру»)
Қадам
:
• Жұмыс ауқымдылығын
орнату иінтірегінің (K)
көмегімен қажетті жұмыс
ауқымдылығын
орнатыңыз.
Қопсыту процесін әрқашан
ең кіші жұмыс
ауқымдылығынан (1-деңгей)
бастаңыз. Егер қопсыту
нәтижесі жеткіліксіз болса,
онда жұмыс ауқымдылығын
біртіндеп арттырыңыз.
Пышақтардың тозуын
үлкенірек жұмыс
ауқымдылығын таңдау
есебінен азайтуға болады.
4
НҰСҚАУ
Жаңа пышақтармен жұмыс
істегенде 5 және 6
деңгейлерін таңдауға
болмайды, өйткені бұл
жағдайда вертикуттермен
өңдеу кезінде шөптің
тамырлары зақымдалуы
мүмкін.
Жұмыс ауқымдылығы
пышақтың тозуына және
топыраққа байланысты.
Пышақ айналғанда және
өз салмағының әсерінен
аэратор шөпті бетке
басылады: Сондықтан
топырағы жұмсақ газонда
ол қатты топырақпен
салыстырғанда тереңірек
кіреді.
F KK
loading