6. ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ҰСЫНЫС
6.1. УАҚЫТША ЖОҚ БОЛУ / ДЕМАЛЫС
Ұзақ уақыт жоқ болған жағдайда азық-түлікті
тұтынып, қуатты үнемдеу үшін құрылғыны
ажыратқан жөн.
6.2. ОРНЫН АУЫСТЫРУ
1. Барлық ішкі бөлшектерін шығарыңыз.
2. Оларды орап, бір-біріне соғылмайтындай
немесе жоғалмайтындай етіп, жабысқақ
таспамен бекітіңіз.
3. Реттелетін аяқтарды тіреу бетіне тимейтіндей
етіп бұраңыз.
4. Есікті жауып, жабысқақ таспамен бекітіңіз және
жабысқақ таспаның көмегімен қуат кабелін
құрылғыға бекітіңіз.
7. ҚҰРЫЛҒЫҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ
ТАЗАЛАУ
Кез келген тазалау немесе қызмет көрсету жұмысының
алдында құрылғыны электр желісінен немесе электр
қуатының көзінен ажыратыңыз.
Құрылғыны жүйелі түрде мата және тоңазытқышқа
арналған бейтарап тазалау заты қосылған жылы су
ерітіндісімен тазалаңыз. Ысқыш заттарды ешқашан
пайдаланбаңыз. Тоңазытқыш бөлшектерін ешқашан жанғыш
сұйықтықтармен тазаламаңыз. Бу өрт немесе жарылыс
қаупін тудыруы мүмкін. Құрылғының сыртқы жағын және есік
тығыздатқышын дымқыл матамен тазалап, жұмсақ матамен
кептіріңіз.
Бу тазалағыштарды пайдаланбаңыз.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум
тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Құрылғының артқы жағында орналасқан конденсатор вакуум
тазалағышты пайдаланып жүйелі түрде тазалануы тиіс.
Маңызды:
•
Түймешіктері және басқару панеліндегі дисплей
алкоголь немесе құрамында алкоголь бар заттармен
тазартылмауы тиіс, тек құрғақ матаны пайдаланыңыз.
•
Тоңазытқыш жүйесінің түтіктері еріту поддонының
қасында орналасқан және ыстық болуы мүмкін. Оларды
жүйелі түрде вакуум тазалағышының көмегімен
тазартыңыз.
Ерітілген судың үздіксіз және дұрыс ағуын қамтамасыз ету
үшін тоңазытқыштың артқы жағындағы жеміс және көкөніс
жәшігінің қасында орналасқан төгу саңылауының ішкі жағын
ұсынылған құралды пайдаланып әрқашан тазалаңыз.
6.3. ҚУАТ ІРКІЛІСІ
Қуат іркілісі орын алса, электр қуатымен
жабдықтайтын компанияның жергілікті кеңсесімен
хабарласып, іркілістің ұзақтығы туралы сұраңыз.
Ескертпе: Толық құрылғы ішінара толтырылған
құрылғыға қарағанда ұзақ уақыт бойы салқын
болып тұратынын есте сақтаңыз.
Тағамның күйі нашар болса, оны лақтырып
тастаған жөн.
24 сағатқа дейін созылатын қуат іркілістері
үшін.
1. Құрылғының есігін жабық күйде ұстаңыз. Бұл
сақталған тағамдардың мүмкіндігінше салқын
болуына мүмкіндік береді.
24 сағаттан аса созылатын қуат іркілістері үшін.
1. Алдымен тез бұзылатын тағамдарды тауысу
қажет.
96