Қондырманы бұрау (F суретін қараңыз)
Бұғатталған қондырманы электр құралынан шамамен
5 мм ары тартыңыз. Қондырманы қажетті күйге бұрап,
сонан соң жіберіңіз.
Қондырманы бөлшектеу (G суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
Қондырманы
бағытымен босатып, бекіткіштен (1)
тартып алыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Іске қосу
Аккумуляторды орнату
Нұсқау: Электр құралыңызға арналмаған аккумуляторды
пайдалану қате жұмыс істеуіне немесе электр құралының
зақымдануына алып келуі мүмкін.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың (6) кенет іске
қосылуына жол бермеу үшін, оны ортаға орнатыңыз.
Зарядталған аккумуляторды (5) тұтқаға шерту
дыбысымен тірелгенше және тұтқамен тегіс болғанша
енгізіңіз.
Бұрау бағытын реттеу (H суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды
бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-
қосқышын (6) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен
сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу
бағытының ауыстырып-қосқышын (6) оңға тірелгенше
басыңыз.
Bosch Power Tools
Айналдыру моментін орнату
Айналдыру моментін алдын ала реттеу сақинасының (2)
қажет айналдыру моментін 20 қадаммен таңдауға
болады. Дұрыс орнатқанда жұмыс құралы бұранда
материалымен біртегіс бұрап бекітіле сала немесе
орнатылған айналдыру моментіне жете сала тоқтайды.
күйінде бекіту тіркесуі, мысалы, бұрғылау үшін
өшіріледі.
Шуруптарды бұрап алу кезінде жоғарырақ параметрді
таңдаңыз немесе қажет болса, белгіні орнатыңыз
Берілістің механикалық таңдалуы
Берілісті таңдау ауыстырып-қосқышын (3) электр
u
құрылғысы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (3) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау диаметрімен
бұрау немесе жұмыс істеу үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау диаметрімен
жұмыс істеу үшін.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып
тұрыңыз.
Шам ажыратқыш (7) ішінара немесе толық басылғанда
жанып, жарықтығы төмен жұмыс аймағын
жарықтандыруға мүмкіндік береді.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (7)
жіберіңіз.
Айналу моментін орнату
Қосқышты/өшіргішті (7) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (7) жай басқанда, электр құрал
төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші
күшейгенде айналу саны артады.
Толық автоматты шпиндель бекіту (автолок)
Ажыратқыш (7) басылмаған кезде бұрғылау шпинделі
мен аспап патроны бекітіледі.
Бұл бос аккумулятор ретінде бұрандаларды бұрап кіргізу
және электр құралын бұрауыш ретінде пайдалануға
мүмкіндік береді.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумуляторды зарядтау күйінің индикаторы (8)бірнеше
секунд жартылай немесе толық басылған қосқыш/
өшіргіш (7)күйінде аккумулятордың зарядталғанын
көрсетеді және 3 жасыл жарық диодын қамтиды.
Аккумулятордың заряды деңгейінің индикаторындағы (8)
3 жарық диоды және шамы аккумулятор температурасы
–20 және +50°C аралығындағы жұмыс
температурасынан тыс болғанда жылдам жыпылықтайды.
Жарық диоды
Үздіксіз жарық 3 x жасыл
Қазақ | 139
.
Қуаты
≥ 76 %
1 609 92A 4TV | (03.05.2019)