Батареядан шыққан сұйықтық тітіркенуге немесе күйіп қалуға себеп болуы
мүмкін.
2.10 ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
• Электр құралына қызмет көрсету жұмысын білікті маман тек түпнұсқа
бөлшектерді пайдаланып жасауы тиіс. Бұл электр құралы қауіпсіздігінің
сақталуын қамтамасыз етеді.
2.11 ШЫНЖЫРЛЫ АРАҒА АРНАЛҒАН ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ:
• Шынжырлы араны пайдаланған кезде, дененің барлық бөліктерін
ара шынжырынан алыс ұстаңыз. Шынжырлы араны іске қоспас
бұрын, ара шынжырына ешбір заттың тиіп тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Шынжырлы араларды пайдаланған кезде зейін қоймау салдарынан киіміңіз
немесе денеңіз ара шынжырына оралып қалуы мүмкін.
• Шынжыр араның артқы тұтқасын оң қолыңызбен, ал алдыңғы
тұтқасын сол қолыңызбен ұстаңыз. Шынжырлы араны керісінше
ұстау дене жарақатын алу қаупін арттырады, ешқашан бұлай ұстауға
болмайды. ЕСКЕРТУ: шинасы сол жағында орналасқан шынжырлы аралар
үшін «оң қол» жəне «сол қол» күйлеріне арналған нұсқау керісінше болып
табылады.
• Қорғаныш көзілдірігі мен құлаққа арналған қорғаныс құралын киіңіз.
Басқа, қолға, аяқ пен табанға арналған қосымша қорғаныс жабдығы
ұсынылады. Тиісті қорғаныс киімі қалдықтардың тиіп кетуінен немесе
ара шынжырымен кездейсоқ жанасудан болатын дене жарақаттарын алу
қаупін азайтады.
• Шынжырлы араны ағашта пайдаланбаңыз. Шынжырлы араны ағашта
пайдалану жарақат алуға əкелуі мүмкін.
• Əрқашан тұрақты қалпыңызды сақтап, бекітілген, тұрақты жəне тегіс
бетте тұрғанда ғана шынжырлы араны пайдаланыңыз. Тайғақ немесе
тұрақсыз беттер тепе-теңдікті немесе шынжырлы араны басқаруды
жоғалтуға əкелуі мүмкін.
• Керіліп тұрған бұтақшаны кесу барысында оның кері серпілуінен
сақ болыңыз. Ағаш талшығындағы керіліс босатылғанда, серпілетін
бұтақша операторға соғылуы жəне/немесе шынжырлы араны басқарудан
шығарып жіберуі мүмкін.
• Өскінді жəне жас ағаштарды кескенде айрықша сақтық танытыңыз.
Жіңішке материал ара шынжырына ілініп қалып, сізге соғылуы мүмкін
немесе тепе-теңдігіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
• Шынжырлы араны өшірулі күйде жəне денеңізден алыс, алдыңғы
тұтқасынан ұстап тасымалдаңыз. Шынжырлы араны тасымалдау
немесе сақтау кезінде əрқашан шина қабын орнатыңыз. Шынжырлы
217
FR
ES
PT
IT
EL
PL
RU
KZ
UA
RO
BR
EN