Бұрғылау Патронын Ауыстыру; Шаңды Және Жоңқаларды Сору; Пайдалануға Ендіру - Bosch GSB 19-2 RE Professional Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para GSB 19-2 RE Professional:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау"
ауыстырып-қосқышын (2) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне
орнатыңыз.
Бұрғылау патронын ауыстыру
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау патронын бөлшектеу (F суретін қараңыз)
Қосалқы тұтқаны бөлшектеп, беріліс ауыстырып-
қосқышын (7) орта күйге 1-ші мен 2-ші беріліс арасында
орнатыңыз.
Шамамен 50 мм ұзындығымен Ø 4 м болат штифтіні
шпиндель мойнының ойығына салып бұрғы шпинделін
бекітіңіз.
Алты қырлы дөңбек кілтті (17) қысқа білігін алға қаратып
жылдам қысқыш бұрғылау патронында (1) қысыңыз.
Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа
қойыңыз. Электр құралын нық ұстап тұрып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы дөңбек кілтті
(17) айналу бағытымен ➊ бұрау арқылы босатыңыз.
Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патроны
азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің (17) ұзын
білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам
қысқыш бұрғылау патронынан шығарып, жылдам
қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.
Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны бар электр
құралдарында бөлшектеу жұмысы жоғарыда
сипатталғандай орындалады.
Жылдам қысқыш бұрғылау патроны бар электр
құралдарында бұрғылау патронына алты қырлы дөңбек
кілттің (22) орнына айыр тәрізді кілтті (кілт ені 19 мм)
пайдалануға болады.
Бұрғылау патронын орнату (G суретін қараңыз)
Жылдам қысқыш бұрғылау патронын орнату әрекеті кері
реттілікпен орындалады.
Бұрғылау патронын шамамен 50–55 Нм
тарту моментімен бекемдеу қажет.
Бұрғылау патронын орнатудан соң болат штифтын
u
ойықтан қайта шығарыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Bosch Power Tools
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (H суретін қараңыз)
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (3) электр
u
құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) сол
жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан
жоғары қарай жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (3) сол жағынан жоғары қарай
жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай
жылжытыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
Берілістің механикалық таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын (7) электр құрал
u
баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда
мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе
максималды айналымдар санында орындау
мүмкін емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Қазақ | 127
1 609 92A 55T | (05.07.2019)

Hide quick links:

Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Gsb 780 professional

Tabla de contenido