Hisense Hi Move IV HVC676451DA Manual De Instrucciones página 70

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 95
ЗАРЯДТАУ
Интеллектуалды көп функциялы станция кірістірілген зарядтау кабелімен жеткізіледі. //
Оны кез келген қыздыру аспаптарынан кемінде 1м қашықтыққа орналастырыңыз. //
Кабельдің желіге тікелей жалғанғанына көз жеткізіңіз, үш тармақтар мен ұзартқыштарды
қолданбаңыз. // Интеллектуалды көп функциялы станция шаңсорғыштың тек осы
моделіне арналған және құрылымы осы шаңсорғыштың құрылымынан өзгеше болатын
басқа модельдер үшін қолданыла алмайды. // Зарядтау кезінде шаңсорғыш дисплейінде
батарея зарядының пайызы көрсетіледі. // Құрылғыны зарядтау кезінде қосу мүмкін емес.
ПАЙДАЛАНУ
1
Қосу/өшіру батырмасы
2
Сандық дисплейде қолданудың бірнеше түрлі функциясы көрсетіледі:
-
Батарея белгісі: батарея заряды %-бен
-
Шығыршықтың үсті сызылған белгісі: осы символ жанған кезде щетканы бөгде
заттардан тазалау қажет.
-
Толып қалған контейнер белгісі: шаң жинағышты тазалау қажет.
-
Айналымдарды ауыстырып қосу және дисплей белгілері: дөңгелек ауыстырып қосқыш
көмегімен сору қуатын реттей аласыз // шаңсорғыштың үш сору жылдамдығы бар. //
Үш жылдамдықтың біреуін таңдай аласыз (max (13 минутқа дейін), med (20 минутқа
дейін), min (60 минутқа дейін))
АСПАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ
Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған
ортаны қорғау туралы ойланған жөн.
Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. //
Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз.
Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суреттемелері бар
жадынамада берілген нұсқауларды орындаңыз.
ШАҢ ЖИНАҒЫШ ПЕН СҮЗГІЛЕР
1
Шаң жинағыш пен сүзгілер
Интеллектуалды көп функциялы станция: жоғарғы бөлігінде қапқа арналған орын бар,
бұл жерге контейнердегі шаң жиналады. Қапты саңылауларынан шығарып алып, қоқыс
шелегіне лақтырыңыз. Жиынтықта қосымша қаптар ұсынылады. Егер қаптарыңыз бітіп
қалса, оны дүкеннен ала немесе онлайн тапсырыс бере аласыз, қап артикулі ішкі бетінде
көрсетілген. // Қажет болған кезде ауыстырып алуға болатын сүзгі дәл сол бөлікте
астында орналасқан.
Шаңсорғыш: шлангты қозғалтқыш блогынан алыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін
қозғалтқыш блогының бүйір бетіндегі батырманы басыңыз. Ұстап тұратын штифт
контейнерді босатады. // Алдымен шаң жинағышты астынан ұстап көтеріңіз, содан соң
оны қозғалтқыш блогынан бұрыштап шығарып алыңыз. // Сүзгісі бар жиектемені
контейнерден шығарып алыңыз. // Сүзгіні жиектемеден ақырын шығарып алу үшін оны
солға бұрыңыз. // Шаң жинағышты, муфтаны және сүзгіні сүртуге, сілкуге немесе жылы
сумен шаюға болады, бірақ сақ болыңыз, өйткені дұрыс қолданбау шаңсорғыш
компоненттерінің бүлінуіне алып келуі мүмкін. // Контейнерді орнына орнатпас бұрын
бөлшектердің барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. // Шаң жинағыштың ішкі
компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң жинағышты
орнату кезінде алдымен контейнерді шағын ұстап тұратын штифті бар орынға
орнатқаныңызға көз жеткізіңіз; осыдан кейін контейнерді қозғалтқыш блогына бағыттай
отырып, бұрыштап жылжытыңыз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты
қолданбаңыз.
2
Сүзгіні ауыстыру
Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Аспапты жүйелі түрде
қолдану кезінде шаңсорғыштық қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сүзгіні әр 6 ай сайын
ауыстыруды ұсынамыз.
70
loading