Bosch GWS Professional 18 V-LI Manual Original página 232

Ocultar thumbs Ver también para GWS Professional 18 V-LI:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 45
232 | Қазақ
жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда,
бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған
жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан
шығарыңыз немесе алып – салмалы
аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы
бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын
аласыз.
Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес
білікті қызметкерлер құрамына электр құралын
реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған
қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар
жатады.
Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған,
техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып
шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі.
Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі
немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар
олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның
бақылауында болмаса немесе электр құралын
пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса,
бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту

Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін
жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды
электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс
әрі сенімді жұмыс істейсіз.
Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын
пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге
болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны
жөндеу қажет болады.
Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе құралды алып қоюдан алдын айырды
розеткадан шығарыңыз және/немесе
аккумуляторды алып тастаңыз. Бұл сақтық
әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына
жол бермейді.
Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар
қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды
білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған
адамдарға бұл құралды пайдалануға жол
бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр
құралдары қауіпті болады.
Электр құралдарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы
бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп
қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе
зақымдалмаған болуына, электр құралының
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған
бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын
жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі
жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады.
Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде
сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері
1 609 92A 5C4 | (04.03.2020)
өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке
оңай бағытталады.
Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы
аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай
пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен
орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз.
Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда
пайдалану қауіпті.
Батарея құралын пайдалану және күту
өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта
зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай
зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда
өрт қауіпіне адып келуі мүмкін.
Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған
батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез
келген басқа батарея жинақтарын пайдалану
жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді.
Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны
түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа
кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір
терминалдан басқасына байланыс жасауы
мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік
немесе өртке алып келуі мүмкін.
Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық
ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз,
сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе
дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан
сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі
мүмкін.
Қызмет көрсету

Электр құралына маманды
жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен
қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының
қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді.
Бұрыштық тегістеу машиналарын
пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы
Майдалау, ажарлау, сым қылшықпен тазалау
немесе абразивті кесу әдістері үшін қауіпсіздік
нұсқаулары

Бұл электр құралы майдалағыш,
ажарлағыш, сымдық қылшық немесе кескіш аспап
ретінде пайдалануға арналған. Осы электр
құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
Жылтырату сияқты әрекеттерге осы электр
құралы арналмаған. Электр құралына
арналмаған әрекеттер зиян, қауіп келтіріп жеке
жарақаттануға алып келуі мүмкін.
Аспап өндірушімен жасалмаған немесе
ұсынбаған керек-жарақтарды пайдаланбаңыз.

Тек
Bosch Power Tools
loading

Este manual también es adecuado para:

Gws professional 18-125 v-li3 601 j3a 3003 601 j3a 301