Moulinex Masterchef Gourmet Serie Manual Del Usuario página 51

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 38
- Миксерді (c2) ауыр қамыр және жылдам қамыр (жайма нан, мәнті, түшпара, т.б.) илеуге қолданбаңыз.
- КӨПСІТУ / ЭМУЛЬГАЦИЯЛАУ / БҰЛҒАУ ( Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.).
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (C3) "1 -ден 8/Max" үлгіге байланысты (ең жоғары) жылдамдыққа
дейін қолданыңыз.
- Сізге: майонезді, айолиді, тұздықтарды, көпсітілген ақуыздарды (10 жұмыртқа ақуызына
дейін), шантильи кремін (500 мл-ге дейін) және т.б. дайындауға болады.
- Дөңгелек көпсітетін саптаманы (C3) ешқашан тығыз қамырды илеу үшін және жеңіл
қамырды араластыру үшін қолданбаңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ БӨЛШЕКТЕУ ТӘРТІБІ: Құрал әбден тоқтағанша күтіңіз, одан
кейін 1.4 және 1.1 жинау диаграммаларын кері орындаңыз.
2 - АРАЛАСТЫРУ
Қолданылатын өнімдерге байланысты блендердің (D) көмегімен 1,5 л-ге дейін қою
қоспаны немесе 1,25 л-ге дейін сұйық қоспаны дайындауға болады.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР: Блендер тостағаны (D, L).
2.1 - КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ ЖИНАУ ТӘРТІБІ
2.1, 2.3 және 10 диаграммаларын қолданыңыз.
2.2 - ҚОЛДАНЫЛУЫ ( Барынша ұзақ қолдану уақыты: 3 минут.).
• • Алдымен ауыстырып-қосқыштың батырмасын (А1) рецептіге байланысты ("7 -ден
8" немесе "pulse" (Серпілісті режім)) қажетті жағдайға бұраңыз. Араластыру үдерісін
бақылауды жақсарту үшін және араластыру сапасын жақсарту үшін "Pulse" (Серпілісті
режім) жағдайын қолданыңыз.
• Жұмыс істеу барысында мөлшерлегіш қақпақшасындағы (D2, L5) саңылау арқылы
өнімдерді қосуға болады.
Кеңестер:
• Келесі тағамдарды дайындауға болады:
- біркелкі сорпалар, велюте тұздықтары, нәрсулар, сүт және басқа коктейлдер.
- май негізіндегі сұйық қоспалар (жайма құймақтар, құймақтар, пісірмелер, пісірілген
кремі бар фландар).
• Құрам бөліктер сыйымдылықтың қабырғасына жабысып қалған кезде құралдың
жұмысын тоқтатыңыз. Құралдың толығымен тоқтағанын күтіңіз. Блендерді алыңыз,
қабырғаларға жабысып қалған өнімдерді қалақшаның көмегімен пышақтарға түсіріңіз
және жұмысты жалғастыру үшін блендерді орнына орнатыңыз.
КЕРЕК-ЖАРАҚТАРДЫ БӨЛШЕКТЕУ ТӘРТІБІ: Құралдың әбден тоқтауын күтіңіз, блендер
ыдысын алып, 2.3, 2.1 және 10 диаграммаларын кері орындаңыз.
3 - ЕТ ТАРТҚЫШТЫ ҚОЛДАНУ
ҚОЛДАНЫЛАТЫН КЕРЕК-ЖАРАҚТАР: Саптамаларға арналған бекіткіш (E),
Жинақтағы ет тартқыштың бастиегі (F)
3.1 - ЖАЛҒАНАТЫН БЛОКТЫ ОРНАТУ
9, 10 диаграммаларын, одан кейін 3.1 және 3.3 диаграммаларын орындаңыз.
3.2 - ЕТ ТАРТҚЫШ БАСТИЕГІН ОРНАТУ
• Ауыстырып-қосқыштың (A1) көмегімен "5 -ден 7" жылдамдығын таңдау арқылы құралды
іске қосыңыз.
• Жүктейтін құбырға етті итергіштің (F7) көмегімен бөлшектеп итеріңіз. Құрам бөлшектерді
жүктейтін құбырға ешқашан саусақтарыңызбен немесе қандай да бір басқа заттармен
итермеңіз.
- Сіз 3 кг-ға дейін етті жүктей аласыз, Барынша ұзақ қолдану уақыты: 10 минут.
(ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
46
(ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ)
KK
loading