Ақауларды Жою - Bosch POWER FOR ALL System AL 1810 CV Manual Original

Ocultar thumbs Ver también para POWER FOR ALL System AL 1810 CV:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 11
Зарядтау процесі
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің кернеуі
u
қуаттандыру құралының зауыттық тақташасындағы
мәндеріне сай болуы тиіс.
Зарядтау процесі зарядтау құрылғысының қуат ашасын
розеткаға жалғанғанда және аккумулятор зарядтау
науасында (1) салынған бойда басталады.
Зарядтау процесі тек аккумулятор температурасы
рұқсат етілген зарядтау температурасының
ауқымында (0–45°C) болса қолжетімді.
Қосымша ақпарат алу үшін онлайн пайдалану
бойынша нұсқаулықты мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/manuals
Ақауларды жою
Аккумулятор зарядталып жатқан жоқ
Аккумулятор зарядталмайды және заряд деңгейінің
индикаторы (2) үздіксіз жанып тұр.
Себеп: зарядтағыш құрылғыда ішкі қате анықталды
Жою әдісі: барлық аккумуляторлар толықтай салынғанына
көз жеткізіңіз. Желілік ашаны суырып, қайтадан салыңыз.
Ақау қайтадан орын алса, зарядтағыш құрылғыны Bosch
электр құралдарына арналған өкілетті қызмет көрсету
орталығында тексертіңіз.
Индикаторлар жанбайды
Индикатор жанбайды, аккумулятор зардталмайды.
Себебі: розетка, қуат кабелі немесе зарядтау құрылғысы
ақаулы
Шешімі: желі кернеуін тексеріңіз. Қажет болса, зарядтау
құралын уәкілетті қызмет көрсету орталығында тексеріңіз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің
төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch
компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша
өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Тұтынушыға қызмет көрсету және
пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған
техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер
туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер
бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер
төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-
pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және
олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
береді.
Bosch Power Tools
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру
кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы
10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық
мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық
немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында
орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді
пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және
қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау
пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті
ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала
аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да
мекенжайларын мына жерден қараңыз:
www.bosch-pt.com/serviceaddresses
Кәдеге жарату
Зарядтау құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын
қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру
қажет.
Зарядтау құралын үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа
2012/19/EU ережесі және оның ұлттық заңдарға сай
пайдалануға жарамсыз зарядтау құралдары бөлек жиналып
кәдеге жаратылуы қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және
электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу
мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам
денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Қазақ | 41
1 609 92A 80M | (11.08.2022)
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Power for all system al 18v-20

Tabla de contenido