Негізгі мүмкіндіктер (1-суретті қараңыз)
1. Калибрленген торы бар триммер негізі
2. Сызғыш
3. Мөлдір кескіш бағыттағышы
4. Кескін (бастапқы позицияда)
5. Бұрыш белгілері
Қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ: Ересектер немесе ересек адамның
бақылауында болғанда балалар тарапынан
пайдалануға арналған.
ЕСКЕРТУ: Өткір пышақ, пышақты ұстау
кезінде абайлаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Осы қағаз триммерінің қауіпсіз
жұмысына қатысты осы ақпаратты сақтаңыз.
Пайдалану нұсқаулары
(2-суретті қараңыз)
• Триммерді үстел сияқты тұрақты, тегіс бетке
қойыңыз.
1. Кескіш бастапқы позицияда тұрғанда, мөлдір
кескіш бағыттағышын ашыңыз.
2. Кесілуі керек материалды калибрленген тор мен
сызғышты пайдаланып орналастырыңыз.
3. Мөлдір кескіш бағыттағышын қайта төмен
итеріңіз.
4. Материалды орында бір қолмен мықтап ұстаңыз
және екінші қолыңызбен кескіштен мықтап төмен
итеріңіз.
5. Кескіште төмен қарай қысымды ұстап тұрып,
кесілетін материалды бір тегіс қозғалыста
сырғытыңыз
• Триммерді мөлдер кесу басынан немесе
кешкішінен ұстау арқылы алып жүрмеңіз.
• Қапсырмаларды, қағаз қысқыштарын, т.б. кесуден
бұрын алып тастаңыз.
• Металл таспаны немесе құрамында шыны, т.б. бар
таспаны кеспеңіз.
• Парақ сыйымдылығында көрсетілгеннен көп
парақты кеспеңіз.
Техникалық қызмет көрсету
• Триммерлерді құрғақ түбітсіз шүберекпен
тазалауға болады.
• Уақыт өте келе, кескіштің басы мен мөлдір кескіш
бағыттағышынның сенімді бекітіліп тұрғанын
тексеріп тұрыңыз.
• Құрылғыға өзіңіз қызмет көрсетуге немесе оны
жөндеуге әрекет етпеңіз.
Кепілдік
• Осы құрылғының жұмысына қалыпты
пайдаланылған жағдайда сатып алған күннен
бастап екі жылға кепілдік беріледі. Кепілдік
мерзімі кезінде ACCO Brands Europe компаниясы
өз қарауымен ақаулы құрылғыны тегін жөндейді
немесе ауыстырады. Дұрыс пайдаланбаудан
немесе тиісті емес мақсаттар үшін пайдаланудан
туындаған ақаулар кепілдікте қамтылмайды.
• Сатып алу күнінің дәлелі талап етіледі, ACCO
Brands Europe компаниясы рұқсат етпеген адамдар
тарапынан жасалған жөндеулер немесе өзгертулер
кепілдікті жарамсыз етеді. Өнімдеріміздің
көрсетілген техникалық деректерге сай болуын
қамтамасыз ету біздің мақсатымыз. Бұл кепілдік
тауарларды сатуды басқаратын қолданыстағы
ұлттық заңнамалар аясында тұтынушылар
иеленетін заңды құқықтарға әсер етпейді.
21