КӨП РАҚМЕТ!
Біз осы Venta моделінің сіздің талаптарыңыздан асып түсетініне сенімдіміз
және бұл құрылғыны рақаттана пайдалануыңызға тілектеспіз.
Venta құрылғыңызды мына жерге тіркеңіз: www.ventaair.com
Бұл пайдаланушы нұсқаулығын толық оқып шығып, кейін пайдалану үшін
сақтап қойыңыз, қауіпсіздік нұсқауларын орындап, құрылғыны мақсатқа сай
ғана пайдаланыңыз. Пайдаланушы нұсқаулығының ең соңғы нұсқасын
www.ventaair.com вебсайтымыздан таба аласыз.
АСА ҚАДІРЛІ САТЫП А ЛУШЫ
Venta Original ауа ылғалдандырғышы ауаның ылғалдылығын денсаулыққа
жағымды деңгейде болуын қамтамасыз етумен қатар, ауадағы зиянды
заттарды табиғи жолмен, оңай әрі аса көп техникалық шығынсыз азайтады.
Бұл құрылғы тек судың көмегімен, қосымша ылғалдандырғыш төсемін
немесе сүзгіні қолданбай, суық булану принципіне сәйкес жұмыс істейді.
Venta жұмыс принципі
Бөлменің ауасы желдеткіштің көмегімен ішінде ерекше шеберлікпен
орналастырылған айналмалы тақташалар жинағы бар, су толтырылған
ауа ылғалдандырғышқа қарай жіберіледі. Осы тақташалардың бетінен
тазартылған су бөлме ішіне бу түрінде жіберіледі.
МАЗМҰНЫ
268
KZ
269
271
271
271
271
272
272
Қайта өңдеуден өткізу және
273
274
274
275
ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
!
• Бұл құрылғыны 8 жастан асқан балалар мен дене, сезім мүшелері мен
ой қабілеті тұрғысынан арнайы қажеттілігі бар адамдар, сонымен
қатар тәжірибесі немесе білімі жеткіліксіз адамдар басқа адамдардың
бақылауымен немесе құрылғыны пайдалану нұсқауларын алса және оны
дұрыс пайдаланбаған жағдайда туындайтын қатерлерін түсінсе, онда
қолдануына болады.
• Бұл пайдаланушы нұсқаулығын құрылғыны пайдалану алдында мұқият
оқып, кейін қарап жүру үшін сақтап қою керек.
• Бұл балаларға арналған ойыншық құрылғы емес.
• Тазалау немесе күтім көрсету жұмыстарын 8 жасқа толмаған балалар
басқаның қадағалауынсыз орындамауы керек.
• Құрылғыны және оның желі адаптерін 8 жасқа толмаған балалардан алыс
ұстау керек.
• Құрылғыны көрсетілген мақсатта қолданбаса, оған зақым келуі немесе
адамдар жарақат алуы мүмкін.
• Құрылғыны тек өзіне сай келетін розеткаға жалғау керек, ал желідегі
кернеу құрылғының бойындағы техникалық ақпарат тақтайшасында
берілген мәндерге сәйкес келуі керек.
• Бұл құрылғыны мына желі адаптерімен ғана пайдалану керек: „Үлгі нөмірі:
BI13-240050-Cd / FJSW1982400500".
• Электр желісіне қосатын адаптерінің кабелі немесе ашасы зақымдалған
құрылғыны қолданысқа енгізбеу керек.
• Тазалау немесе жөндеу жұмыстарын орындамас бұрын, сонымен қатар
басқа жерге орналастыру немесе тасымалдау әрекеттерін жасамас бұрын
желілік адаптерді розеткадан суыру керек.
277
278
• Егер құрылғы құлап қалса немесе басқаша зақымданған болса, онда оны
іске қолдануға болмайды.
278
• Электр құрылғыларын жөндеу жұмыстарын тек кәсіби мамандар ғана
278
орындауға тиіс. Кәсіби мамандар тарапынан іске асырылмаған жөндеу
жұмыстары пайдаланушының өзін жарақаттауы мүмкін.
279
• Құрылғының үстіне ешқашан отыруға немесе үстіне нәрсе қоюға болмайды.
279
• Құрылғының ішіне ешқашан басқа нәрсе салуға болмайды.
• Құрылғының үстіңгі бөлігін ешқашан суға немесе басқа сұйықтыққа
батыруға болмайды.
KZ
269