Oppo Enco Guia De Inicio Rapido página 45

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 24
Қазақ тілі
Bluetooth арқылы жұптау
1.
OPPO Enco Air тығын құлақаспабын алғаш рет пайдаланған жағдайда,
ішінде құлақаспабы бар қуаттағыш қапты ашыңыз. Құлақаспап
автоматты түрде жұптау режиміне кіреді.
2.
Телефоныңыздың Bluetooth функциясын қосыңыз:
• Алғаш рет жұптау: ішінде құлақаспабы бар қуаттағыш қапты
ашыңыз, сонда құлақаспап автоматты түрде жұптау режиміне өтеді.
Телефонның немесе кез келген басқа құрылғының Bluetooth
параметрлерін реттеу бетіне өтіп, «OPPO Enco Air» опциясын тауып,
оларды жұптай бастауға болады.
• Жылдам жұптау: OPPO Enco Air тығын құлақаспабын Bluetooth
функциясы қосылған OPPO телефонының жанында ұстаңыз. Телефонда
ескерту пайда болады. Экрандағы нұсқауларды орындап жұптаңыз.
※ Ескертпе: жылдам жұптау функциясы тек кей OPPO телефон модельдерінде істейді.
Толық ақпаратты www.oppo.com сайтына кіріп алуға болады.
Автоматты түрде қайта жалғану
Ішінде OPPO Enco Air тығын құлақаспабы бар қуаттағыш қап ашылғанда,
құлақаспап ең соңғы жалғанған құрылғыға автоматты түрде қайта
қосылады. Ең соңғы рет жалғанған құрылғыны таба алмаса немесе
оған қосыла алмай қойса, ол басқа құрылғыға қосылуға мүмкіндік
беретін жұптау режиміне өтеді.
Басқа құрылғыларға жұптау
Жұптау режиміне автоматты түрде кіру: OPPO Enco Air құлақаспабы
ең соңғы жалғанған құрылғыға автоматты түрде қосылса, алдымен сол
құрылғыдағы Bluetooth функциясын ажыратыңыз, сонда құлақаспап
автоматты түрде Bluetooth арқылы жұптау режиміне өтеді. Енді
құлақаспапты жаңа құрылғыға оның Bluetooth параметрлерін реттеу
бетінде жұптауға болады.
Жұптау режиміне қолмен кіру: құлақаспапты тағып, екі құлақаспаптың
да басқару аймақтарын 4 секунд түртіп тұрыңыз. 4 дыбыстық сигнал
естілген соң құлақаспап жұптауға дайын болады. Енді құлақаспапты жаңа
құрылғыға оның Bluetooth параметрлерін реттеу бетінде жұптауға болады.
42
Bluetooth
OPPO Enco Air
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido