Whirlpool AKR 037 G BL Manual De Uso Y Mantenimiento página 89

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 31
АҚАУЛЫҚ ЖОЮ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Құрылғы жұмыс істемейді:
Розеткаға қуат берілісін жəне құрылғының қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз;
Құрылғыны өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жоғалғанын тексеріңіз.
Сорғының сору күші жеткіліксіз:
Сору жылдамдығын тексеріп, қажет болса, қажетті деңгейге қойыңыз;
Сүзгілердің таза болуын тексеріңіз;
Ауа желдеткіштерінің бөгелмегенін тексеріңіз.
Шамы жанбайды:
Шырағын тексеріп, қажет болса, ауыстырыңыз;
Шамның шырағы дұрыс салынғанын тексеріңіз.
ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласуға дейін
1. "Ақаулықтарды жою" бөлімінде берілген кеңестерді пайдаланып, ақаулықтарды өзіңіз жойып көріңіз.
2. Құрылғыны өшіріп, қайта қосып, ақаулықтың жойылғанын тексеріңіз.
Бұл тексерулерден кейін ақаулық əлі жойылмаса, маңайдағы тұтынушыға қызмет көресут орталығына хабарласыңыз.
Əрқашан мына ақпаратты беріңіз:
Ақаулықтың қысқаша сипаттамасы;
Құрылғының нақты түрі жəне үлгісі;
Құрылғының ішінде орналасқан қызмет нөмірі (бағалау тақтасындағы Service сөзінен кейінгі сандар). Қызмет нөмірі кепілдік
кітапшасында да көрсетілген.
Толық мекенжайыңыз;
Телефон нөміріңіз.
Жөндеу жұмыстары үшін, рұқсаты бар тұтынушыға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз (түпнұсқа бөлшектер
қолданылуы жəне жөндеулер дұрыс орындалуы үшін).
ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ
МАҢЫЗДЫ: улы немесе ысқыш жуғыштарды қолданбаңыз. Егер бұл өнімдердің бірі абайсызда құрылғыға тисе, дымқыл
шүберекпен сүртіп алыңыз.
Беткейлерді дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Лас болса, суға бірнеше тамшы жуғыш зат қосыңыз. Құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
МАҢЫЗДЫ: ысқыш спонждар немесе металл ысқыштарды қолданбаңыз. Уақыт өте, эмальданған беткейіне зақым
келтіруі мүмкін.
Құрылғыны тазалауға арналған жуғыштарды ғана қолданыңыз жəне өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ: май қалдықтарын алу үшін, сүзгілерді айына бір рет тазалау қажет.
- Бумен тазалау құралын қолданбаңыз.
- Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
KK87
Tabla de contenido
loading

Tabla de contenido