Белгілер
Қай жерде болсаңыз да, белгілер іздеу, ортақ пайдалану, басып шығару және өзгерту
баптаулары сияқты жиі орындайтын нәрселерде көмектеседі.
• Белгілерге кіру үшін оң жақ жиектен жанап өтіп, қажеттісін түртіңіз.
Белгілер тақтасының элементтері
• Іздеу [
]: Планшетте файлды, қолданбаны және басқару тақтасының баптауларын
іздеу үшін Іздеу белгісін пайдаланыңыз.
• Ортақ пайдалану [
]: Пошта немесе әлеуметтік желілер арқылы файлдарды,
фотосуреттерді немесе веб-беттерді ортақ пайдалану үшін Ортақ пайдалану белгісін
пайдаланыңыз.
• Бастау [
]: Бастау экраны және ашылған қолданбалар арасында ауысу үшін Бастау
белгісін пайдаланыңыз.
• Құрылғылар [
]: Ойнату, жобалау және құрылғыларға басып шығару үшін Құрылғылар
белгісін пайдаланыңыз.
• Баптаулар [ ]: Планшет баптауларын және қолданба баптауларын өзгерту үшін
Баптаулар белгісін пайдаланыңыз.
Интернетке қосылу
1. Баптаулар белгісін ашыңыз (экранның оң жақ жиегінен жанап өтіп, Баптаулар опциясын
түртіңіз).
2. Сымсыз желі белгішесін түртіңіз.
3. Wi-Fi қосыңыз. Қосылу қажет желіні түртіп, Қосылу опциясын түртіңіз.
Prestigio компаниясы өз өнімдерін үнемі жақсартатындықтан және
жетілдіретіндіктен, осы құрылғының бағдарламалық жасақтамасы
пайдаланушының қысқаша нұсқаулығында келтірілген сипаттамадан шамалы
ерекшеленуі мүмкін.
Осы Prestigio құрылғысы ЕС 1999/5/ES директивасының талаптарына сәйкес келеді.
Қосымша ақпарат алу үшін www.prestigio.com/certificates қараңыз.
Есту қабілетін зақымдап алмас үшін музыканы құлаққаптар арқылы дауыс
қаттылығының жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тыңдамаңыз.
SAR (нақты сіңіру дәрежесі) туралы ақпарат алу үшін мына бетке өтіңіз:
www.prestigio.com/catalogue/MultiPads/ MultiPad_Visconte_3_3G
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
Prestigio MultiPad