Бастау экраны
Бастау экраны — планшеттің жүрегі —бұл жерде қолданбаларды ашасыз,
достарыңыздың не істеп жатқанын көресіз және таңдаулы веб-тораптарға өтесіз.
Бастау экранындағы қыш тақтайлар жаңа электрондық хабарлар және күнтізбедегі
келесі кездесу сияқты мәліметті көрсетеді.
• Сенсорлық экранның астындағы [ ] басыңыз немесе экранның оң жақ жиегінен
жанап өтіңіз және Бастау опциясын түртіңіз.
Қолданбаларды пайдалану
Қолданбаларды ашу
Бастау экранындағы қолданба қыш тақтайын түртіңіз немесе нұқыңыз. Бастау
экранының ортасынан жоғары қарай жанап өтіп, барлық қолданбаларды көруге
болады.
Ашылған қолданбалар арасында ауысу
Экранның сол жақ жиегінен жанап өтіңіз. Жанап өтуді жалғастырып, басқа
қолданбаға ауысасыз.
Соңғы пайдаланылған қолданбалар тізімін ашу
Экранда саусағыңызбен сол жақ жиектен жанап өтіңіз және сол жақ жиекке қарай
қайта жылжытыңыз. Тізімнен қажетті қолданбаны түртіңіз.
Қолданбаларды бірге пайдалану
Қатар ұстап, екі қолданбаны бірге пайдаланыңыз.
1. Пайдалану қажет әрбір қолданбаны ашыңыз.
2. Соңғы пайдаланылған қолданбалар тізімін ашыңыз.
3. Ағымдағы қолданба өлшемі өзгергенше қолданбалар тізімінен қолданбаны
сүйреп, қолданбаны босатыңыз.
4. Қолданбалар өлшемін реттеу үшін қолданбалар арасындағы тақтаны сүйреңіз.
Қолданбаны жабу
Экранның жоғарғы жиегінен төмен қарай жанап өтіңіз және қолданбаны төмен
және экраннан тыс сүйреңіз.
Қолданба пәрмендері
Экранның төменгі жиегінен жоғары қарай немесе жоғарғы жиегінен төмен қарай
жанап өтіңіз.
Белгілер
Қай жерде болсаңыз да, белгілер іздеу, ортақ пайдалану, басып шығару және
өзгерту баптаулары сияқты жиі орындайтын нәрселерде көмектеседі.
Пайдаланушының қысқаша нұсқаулығы
Prestigio MultiPad