Драйверлерді, қызметтік бағдарламаларды және
нұсқаулықтарды жүктеу
Драйверлерді, қызметтік бағдарламаларды және нұсқаулықтарды келесі URL
мекенжайларының біреуінен жүктеуге болады:
Солтүстік Америка тұтынушылары үшін мына веб-торабына өтіңіз:
http://www.epsonexpert.com/ және экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Басқа елдер тұтынушылары үшін мына веб-торабына өтіңіз:
http://download.epson-biz.com/?service=pos
Принтерді көлденеңінен немесе тігінен орнату
Принтерді көлденеңінен тегіс бетке (қағаз шығатын жері жоғарғы жағында)
немесе тігінен (қағаз шығатын жері алдында) қосымша WH-10 ілу кронштейні
жинағын пайдаланып қабырғаға ілу арқылы орнатуға болады.
ЕСКЕРТУ:
Принтерді қабырғада ілу кронштейні жинағымен ілгенде принтерге жалғағыш
қақпағын бекітіңіз.
Басқару тақтасы
FEED түймесі
Бұл түйме қағазды береді.
(Қуат) ЖШД
Бұл ЖШД принтер қосулы кезде қосулы болады.
ERROR (ҚАТЕ) ЖШД
Бұл қатені көрсетеді.
PAPER OUT (ҚАҒАЗ БІТУІ) ЖШД
Қосулы болуы қағаз бітуге жақын қалғанын немесе біткенін көрсетеді.
Жыпылықтау күту режимін көрсетеді.
Қуат қосқышының қақпағын пайдалану
ЕСКЕРТУ:
Егер қуат қосқышы қақпағы бекітілген күйде сәтсіз жағдай орын алса, қуат сымын
бірден ажыратыңыз. Әрі қарай пайдалану өртке немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Қамтылған қуат қосқышының қақпағы қуат қосқышының кездейсоқ басылмауын
қамтамасыз етеді. Бұл қақпақты пайдалану үшін B суретінде көрсетілгендей
орнатыңыз.
Жалғағыш қақпағын бекіту және алып тастау
Бұл нұсқаулар кабельдерді қорғау үшін принтермен бірге жалғағыш қақпағы
оралған болса қолданылады. Оны бекіту үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1.
Алдымен барлық кабельдерді жалғаңыз. Жалғағыш қақпақтың үш мүмкін
кабель шығысы бар: оң, сол және артқы жақта.
2.
Жалғағыш қақпақтағы екі ілгекті C суретінде көрсетілгендей принтер
корпусына ілінетіндей орналастырыңыз.
3.
Жалғағыш қақпағын принтер корпусына шырт етіп түсіру үшін төмен
басыңыз.
Жалғағыш қақпақты алу үшін принтерді аударыңыз және ілгектерді принтер
корпусынан ажырату үшін жалғағыш қақпақтың екі жағын да ішке қарай итеріп
тұрып, жалғағын қақпақты төмен итеріңіз. D суретін қараңыз.
52 TM-T88IV Пайдаланушы нұсқаулығы