Пайдаланар алдында пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз
да, оны анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалану оның
қызметінің мерзімін ұзартады.
Бұл нұсқаулықтағы қауіпсіздік шаралары мен нұсқаулар құралды қолдану кезін-
де туындауы мүмкін барлық жағдайларды қамтымайды. Бұл құрылғымен жұмыс
кезінде қолданушы ақылға сүйеніп, абай әрі мұқият болуы тиіс.
САҚТАНУ ШАРАЛАРЫ
• Өндіруші қауіпсіздік техникасының талаптарын
және бұйымды пайдалану ережелерін сақтама-
удан туындаған зақымдар үшін жауап бермейді.
• Бұл электр аспап пәтерлерде, қала сыртындағы үй-
лерде, қонақ үй нөмірлерінде, тұрмыстық нөмірлер-
де, дүкендердің тұрмыстық бөлмелерде, офистер мен
өнеркәсіптік емес пайдаланудың кез келген басқа
осындай жағдайларда пайдаланыла алады.
Құрылғыны өнеркәсіптік немесе кез келген мақсатсыз
пайдалану бұйымды тиісті түрде пайдалану шарт-
тарын бұзу болып саналады. Бұл жағдайда өндіруші
ықтимал салдарлар үшін жауап бермейді.
• Құрылғыны электр желісіне қосар алдында оның
кернеуі аспаптың номиналды кернеуіне сәйкес
132
келетінін тексеріңіз (бұйымның техникалық си-
паттамалары немесе зауыттық кестесін қараңыз).
• Аспапты тек жерлендірілетін розеткілерге ғана
қосыңыз, — бұл электр қауіпсіздігінің міндетті
талабы. Ұзартқышты қолдана отырып, оның же-
рлендірілетініне көз жеткізіңіз.
• Аспаптың тұтынатын қуатына есептелген
ұзартқыш қолданыңыз: параметрлердің сәйкес-
сіздігі қысқа тұйықталуға немесе кабельдің жа-
нуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдыр-
маңыз. Аспап сыртқы таймер немесе қашықтықтан
басқарудың жеке жүйесі көмегімен жұмыс жа-
сауға арналмаған.
• Аспапты газ немесе электр плиталарының үстіне,
жанына, духовка пештерінің ішіне, әлде басқа да
жылу көздерінің жанына қоймаңыз.
• Аспапты су немесе басқа да сұйықтықтардың
жанында пайдаланбаңыз.