Пайдаланушы нұсқаулығы
m
ЕСКЕРТУ! Маңызды қауіпсіздік
ақпараты
Келесі қауіпсіздік нұсқауларын мұқият оқып шығыңыз.
Барлық нұсқауларды орындаңыз. Бұл мүлік зақымына
және/немесе қатты жарақатқа себеп болатын
қауіптерді болдырмайды. Өнімді пайдаланатын
барлық адамдар осы ескертулерді және нұсқауларды
оқығанына және орындағанына көз жеткізіңіз.
Адамдар/өнім
•
Өнімді осы нұсқаулықта сипатталған түрде ғана
пайдаланыңыз.
•
Өнімді пайдаланудан бұрын зақымдарға қарсы
тексеріңіз. Айқын зақымдары болса, тағайындауы
бойынша жұмыс істемесе немесе ішіне ылғал кірген
болса пайдаланбаңыз.
•
Өнімді ылғалдан, жоғары температуралардан, күшті
күннің көзінен және жанғыш газдардан, будан және
еріткіштерден қорғаңыз.
•
Өнімді жаңартуға, өзгертуге немесе жөндеуге
әрекеттенбеңіз. Түсіріп алмаңыз, майыстырмаңыз
немесе соқпаңыз.
•
Өнімді балалардан және үй жануарларынан қашық
пайдаланыңыз және сақтаңыз.
•
Осы нұсқаулықтарды сақтаңыз және оларды өнімнің
келесі пайдаланушысына жеткізіңіз.
Лазер
•
Бұл өнім Еуропалық стандарт EN 60825-1:2007
арқылы анықталған 2 классты лазерді пайдаланады.
•
САҚТЫҚ! Лазер сәулелері көздің немесе терінің
жарақаттануына себеп болады. Лазерге ешқашанда
тікелей немесе оптикалық құрылғылар арқылы
қарамаңыз.
•
Егер лазер сәулесі көзіңізге шағылысса, көзіңізді
жайлап жұмыңыз да, шетке жылдам бұрылып кетіңіз.
•
Лазер сәулесін ешқашанда адамға немесе
жануарларға бағыттамаңыз.
•
Лазер сәулесін айналарға немесе басқа
шағылыстыратын беттерге бағыттамаңыз.
•
Өнімде лазердің ескерту белгісі белгіленуі тиіс.
Осындай белгісі жоқ лазерді пайдаланбаңыз.
Батареялар
•
Батареяларды салған кезде, оларды белгіленген
дұрыс бағытпен (+/–) салғаныңызға көз жеткізіңіз.
•
Құрылғы үнемі пайдаланылмаған кезде
батареяларды алып тастаңыз. Әйтпесе, батареялар
ағуы мүмкін. Ағатын қышқыл теріні күйдіруі немесе
өнімді зақымдауы мүмкін.
•
Батареяларды балалардан және үй жануарларынан
қашық жерде сақтаңыз. Әйтпесе, оларды балалар
немесе үй жануарлары жұтып қоюы мүмкін. Егер
жұтып қойса, дереу дәрігерге хабарласыңыз.
•
Барлық батареяны бір уақытта ауыстырыңыз. Тек
белгілі түрдегі батареяларды пайдаланыңыз.
•
Батареяларды бөлшектемеңіз немесе қысқа
тұйықтамаңыз және оттан қашық сақтаңыз.
•
Қайта зарядталмайтын батареяларды ешқашанда
зарядтамаңыз (жарылу қаупі бар!).
38
KK