TZS First AUSTRIA FA-5113-2 Manual De Instrucciones página 17

Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 12
Уполномоченное изготовителем лицо:
ООО «Грантэл»
143912, Московская область, г.Балашиха,
Западная коммунальная зона, ул. Шоссе
Энтузиастов, вл. 1а, пом. Д002, ком. 51
тел. +7 (495) 297 50 20
В случае неисправности изделия необходимо
обратиться в ближайший авторизованн й
сервисн й центр.
За информацией о ближайшем сервисном
центре обращайтесь к продавцу.
Экологическая утилизация
В можете помочь защитить
окружающую среду! Помните о
соблюдении местн х правил: Отправьте
неработающее электрооборудование в
соответствующие центр утилизации.
32
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА
ҚАТЫСТЫ МАҢЫЗДЫ НҰСҚАУЛАР
FIRST Austria өндірген электрлік құрылғыларды
қолдану қауіпсіздік саласында танылған
техникалық директивалар мен құқықтық
нормаларға сәйкес келеді. Дегенмен Сізбен
қоса басқа пайдаланушылар келесі қауіпсіздік
нұсқауларын орындауға тиісті:
• Бұл құрылғыны алғаш рет қолданар
алдында осы нұсқауларды мұқият
оқып шығыңыз және оларды кейінірек
пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
• Бұл бұйым осы нұсқаулықта көрсетілгеннен
басқаша қолдануға арналмаған.
• Құрылғыны қуат көзіне қоспас бұрын,
құрылғыда көрсетілген кернеудің үйіңіздегі
желі кернеуіне сәйкестігін тексеріп алыңыз.
Кері жағдайда дилерге хабарласыңыз және
құрылғыны пайдаланбаңыз.
• Егер құрылғы жерге тұйықталса (I қорғаныс
класы), розетка және жалғанған кез келген
ұзартқыш жерге тұйықталуы керек.
• Сым үстел немесе тақтай шетінен салбырап
тұрмауы тиіс. Сымды ыстық беттерге
тигізбеңіз.
• Электр тогы соқпас үшін, бұл құрылғыны
немесе сым жинағын ешбір сұйықтыққа
малмаңыз.
• Егер құрылғыдан немесе қуат сымынан
қандай да бір зақым белгісі байқалса, оны
пайдаланбаңыз! Бұйымды тексерту немесе
жөндету үшін уәкілетті әрі білікті қызмет
көрсету орталығына апарыңыз.
• Өндіруші ұсынбаған немесе сатпаған
қондырмаларды пайдалану өртке, электр
тогының соғуына немесе жарақаттануға
апарып соғуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек үйде қолдануға
арналған, оны коммерциялық мақсатта
пайдаланбаңыз.
• Бұл құрылғыны далада пайдаланбаңыз.
• Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда қозғалмалы
бөліктерінің ешқайсысына тимеңіз.
• Қолданған соң, тазалау алдында және
ақау пайда болған жағдайда, құрылғыны
міндетті түрде қуат көзінен ажыратыңыз.
• Қуат сымынан ұстап тартуға болмайды.
Құрылғыны қуат көзінен ажырату керек
болса, штепсель ашасынан ұстап тартыңыз.
• Өткір жүздерін ұстағанда абай болыңыз.
• Құрылғыны 8 жастан асқан балалар және
физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі не тәжірибесі мен білімі аз
адамдар пайдалана алады, алайда оларға
қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау беру
және қадағалау қажет, сондай-ақ олардың
қауіп-қатер барын түсінуі — шарт. Балалар
құрылғымен ойнамау керек. Тазалау және
техникалық қызмет көрсету жұмыстарын
балалар жүргізбеуі тиіс, тек 8 жастан асса
және ересектердің қадағалауымен ғана
орындауға болады. Құрылғы мен оның
сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы
жетпейтін жерде ұстаңыз.
• Құрылғы өз мақсатында қолданылмаса
немесе дұрыс қолданылмаған жағдайда
пайда болған қандай да бір зақым үшін біз
жауапты болмаймыз.
• Құрылғыны жөндеу және басқа да
жұмыстарды тек уәкілетті маман орындауы
тиіс!
СИПАТТАМАСЫ:
(А сур.)
1. Жұмыс түймелері (I=төмен / II=жылдам)
2. Қозғалтқыш
3. Қақпақ
4. Қақпақ тығыздағышы
5. Пышақ жинағы (негізгі және қосымша
пышақ)
6. Шыны тостаған
7. Тайдырмайтын резеңке сақина
АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
«ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ» тарауына сәйкес қаптама
материалын алып, тостаған мен қақпақты
тазалаңыз.
НҰСҚАУЛАР
1. Тостағанның түбіне тайдырмайтын резеңке
сақинаны бекітіңіз.
2. Тостағанды құрғақ, тегіс және тұрақты
жерге қойыңыз.
3. Пышақ жинағы және қосымша пышақ.
Оларды сағат тіліне қарсы бұрау арқылы
бірге құлыптаңыз.
4. Пышақ жинағын тостағанның төменгі
жағындағы білікке орналастырыңыз.
5. Тостағанға ингредиенттерді салыңыз. Үлкен
ингредиенттерді үлкен дегенде 2 x 2 см
кесек етіп тураған дұрыс. Жақсы нәтижеге
қол жеткізу үшін тостағандағы бос орынның
жартысынан асырмай пайдаланбаңыз.
6. Қақпақты дұрыстап жабыңыз.
7. Қозғалтқышты туралап, қақпақтың
ортасына орналастырыңыз. Қозғалтқыштың
базасында қауіпсіздік қосқышы бар, ол
қақпаққа дұрыс орнатылмаған кезде
қозғалтқышты қосылып кетуіне жол
бермейді.
33
loading