Мақсаты Бойынша Қолдану - Stihl RM 248.2 Manual De Instrucciones

Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 35
4 Қауіпсіздік техникасы ережелері
От алдыру білтесі сымының штекерін
тасымалдау, сақтау, техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу
кезінде суырып алыңыз.
Қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз.
4.2
Мақсаты бойынша қолдану
STIHL RM 248.2 немесе RM 253.2
көгалшапқышы құрғақ көгалды шабуға
арналған.
Сақтандыру
■ Көгалшапқыш тиісінше пайдаланылмаса,
адамдар ауыр жарақат алуы не қаза табуы
немесе материалдық зияннан зардап шегуі
мүмкін.
► Көгалшапқышты аталмыш пайдалану
жөніндегі нұсқаулықта және
қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығында сипатталғандай
пайдаланыңыз.
4.3
Пайдаланушыға қойылатын
талаптар
Сақтандыру
■ Біліксіз пайдаланушылар көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алмауы және бағалай
алмауы мүмкін. Пайдаланушы немесе
басқа адамдар ауыр немесе қазалы
жарақат алуы мүмкін.
► Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты
оқып шығыңыз, түсініп алыңыз
және сақтап қойыңыз.
► Көгалшапқышты басқа адамға
табыстаған жағдайда: көгалшапқыштың
және қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығын бірге беріңіз.
► Пайдаланушы мына талаптарды
орындайтындығына көз жеткізіңіз:
– Пайдаланушының тиісті жабдығы
бар.
– Пайдаланушының дене, сезім және
ақыл-ой қалпы көгалшапқышты
басқаруға және жұмыс істеуге
жеткілікті. Егер пайдаланушының
дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеті
шектеулі болса, ол құрылғымен тек
бақылау астында немесе жауапты
тұлғаның нұсқаулары бойынша ғана
жұмыс істей алады.
0478-111-9850-A
– Пайдаланушы көгалшапқыш
тәуекелдерін анықтай алады және
бағалай алады.
– Пайдаланушы жазатайым оқиғалар
мен залал үшін жауапты екендігін
біледі.
– Пайдаланушы кәмелетке толған
немесе ұлттық ережелерге сәйкес
кәсібі бойынша қадағалауда
оқытылған.
– Пайдаланушы көгалшапқышты алғаш
рет пайдаланбас бұрын STIHL
делдалынан немесе білікті тұлғадан
нұсқау алған.
– Пайдаланушының жұмысына ішімдік,
дәрі-дәрмек немесе есірткі әсері
кедергі келтірмейді.
► Түсініксіз мәселелер болған жағдайда:
STIHL делдалына жолығыңыз.
4.4
Киім және жабдық
Сақтандыру
■ Жұмыс барысында әртүрлі заттар жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған ұзын
шалбар киіңіз.
■ Жұмыс барысында шуыл туындайды. Шуыл
есту қабілетіне зиян келтіруі мүмкін.
► Қорғау құлаққаптарын тағыңыз.
■ Жұмыс барысында шаң көтерілуі мүмкін.
Жұтылған шаң денсаулыққа зиян келтіруі
және аллергиялық реакциялар тудыруы
мүмкін.
► Шаң көтерілген жағдайда: шаңнан
қорғайтын маска киіңіз.
■ Жұмысқа сай емес киім ағашқа, бұталарға
және көгалшапқышқа ілініп қалуы мүмкін.
Киімі жұмысқа сай емес пайдаланушылар
ауыр жарақат алуы мүмкін.
► Денеге жанасатын киім киіңіз.
► Шәлі мен әшекейлерді шешіп қойыңыз.
■ Тазалау, техникалық қызмет көрсету
немесе тасымалдау кезінде пайдаланушыға
құрылғының пышағы тиіп кетуі мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
► Төзімді материалдан жасалған қорғаныш
қолғаптарын киіңіз.
► Табаны сырғанамайтын, берік, жабық аяқ
киім киіңіз.
■ Жұмысқа жарамсыз аяқ киім киген болса,
пайдаланушы тайып құлауы мүмкін.
Пайдаланушы жарақат алуы мүмкін.
қазақ
259
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 253.2

Tabla de contenido