OBJ_BUCH-2962-001.book Page 128 Tuesday, October 11, 2016 11:20 AM
128 | Қaзақша
Литий-иондық аккумулятор терең тогынан айырылудан "электрондық
элементтерді қорғау (ECP)" жүйесімен жабдықталған. Аккумулятордың тогы
бітсе, қорғау жүйесі аккумуляторлық фонарьды өшіреді.
Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдың
қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Аккумулятордың зақымдалуы мүмкін.
Аккумуляторды алу үшін 5 4 босату пернесін басып, аккумуляторды
аккумуляторлық фонарь ішінен шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Аккумуляторды орнату
Зарядталған аккумуляторды 5 аккумулятор қысқышына тығыз тиіп тұрғанын
сезгенше және дұрыс жатқанша салыңыз.
Қосу/өшіру
Пайдалануға ендіру үшін аккумуляторлық фонарьдың қосқышын/өшіргішін 2
басыңыз.
Аккумуляторлық фонарьды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 2 қайтадан
басыңыз.
Энергияны үнемдеу үшін аккумуляторлық фонарьды тек пайдаланғанда
қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Ілгектер (А суретін қараңыз)
Аспа ілгекпен 3 аккумуляторлық фонарьді бір затта бекітуге болады.
Аккумуляторлық шамды бағыттандыру (В суретін қараңыз)
Аккумуляторлық шамды тік, асылған немесе жатқан күйде пайдалануға болады.
6 бұрышты пішін шамды пайдалану ретіне сәйкес бағыттауға мүмкіндік береді.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Батарея жұмыс істемей жатса, Bosch электр құралдарының өкілетті сервистік
орталығына барыңыз.
1 609 92A 39F | (11.10.16)
Bosch Power Tools