8 Көгалшапқышты пайдаланушы үшін реттеу
► Жанармай багының қақпағын (1) шығарып
алу мүмкін болғанша сағат тіліне қарсы
бағытта бұраңыз.
► Жанармай багының қақпағын ашып
алыңыз.
► Жанармайды жанармай багының жиегіне
дейін кемінде 15 мм бос орын қалдырып
құйыңыз.
► Жанармай багының қақпағын жанармай
багына салыңыз.
► Жанармай багының қақпағын сағат тілінің
бағытымен бұрап, қолмен мықтап
қатырыңыз.
Жанармай багының қақпағы жабылады.
8
Көгалшапқышты
пайдаланушы үшін реттеу
8.1
Бас тұтқаны қайырып ашу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Бас тұтқаны (1) қайырып ашыңыз және
арқан жетегінің (2) қысылып қалмауын
қадағалаңыз.
► Тез әрекетті бекіту тетігін (3) бұрап кіргізіңіз.
► Тез әрекетті бекіту тетіктерін (3) бас
тұтқаға (1) қарай қайырыңыз.
Бас тұтқа (1) көгалшапқышқа берік
жалғанып, тез әрекетті бекіту тетіктері (3)
бас тұтқаға (1) тығыз жанасып тұрады.
0478-111-9950-A
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (4) бас
тұтқаға (1) басып ұстап тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (5) жетек
арқанының бағыттауышына (6) қарай баяу
тартыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын (5) жетек
арқанының бағыттауышына (6) іліңіз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін (4)
жіберіңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
орнына сұғыңыз.
8.2
Бас тұтқаны қайырып жинау
Бас тұтқаны орын үнемдеп тасымалдау
немесе сақтау үшін жинауға болады.
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► Оталдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін бас
тұтқаға басып ұстап тұрыңыз.
► Іске қосу механизмінің тұтқасын жетек
арқанының бағыттауышынан ағытып алып,
қозғалтқышқа қарай баяу кері бағыттаңыз.
► Шабу жетегінің қосқыш иінтірегін жіберіңіз.
► Бас тұтқаны ұстап тұрып, тез әрекетті бекіту
тетіктерін қайырып ашыңыз.
► Бас тұтқаны алға қарай жинаңыз.
9
Моторды іске қосу және
тоқтату
9.1
Қозғалтқышты оталдыру
► Көгалшапқышты беті тегіс жерге қойыңыз.
қазақ
291