Kärcher BLV 36-240 Battery Manual De Instrucciones página 309

Ocultar thumbs Ver también para BLV 36-240 Battery:
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 61
b Ысырма ілмегін қорғаныс торының адаптеріне
орнатыңыз.
c Ысырманы төменге қарай басыңыз.
11. Қоқыс жинағыш қапты орнатыңыз, бөлімді
қараңыз Қоқыс жинағыш қапты орнату.
Қоқыс жинағыш қапты орнату
Қоқыс жинағыш қап қажетті жұмыс режіміне
байланысты сору құбырындағы ілмекке немесе
үрлеу құбырындағы ілмекке бекітіледі.
1. Қоқыс жинағыш қапты орнатыңыз.
Сурет L
a Адаптердегі қоқыс жинағыш қапты
саптаманың үстіңгі жағынан тартыңыз.
b Адаптерді бекітіңіз.
c Қоқыс жинағыш қаптың қақпағын сору
құбырындағы ілмекке, сəйкесінше сору
құбырынсыз жұмыс істеу кезінде үрлеу
құбырының ілмегіне бекітіңіз.
Тасымалдау бауын байлап қойыңыз
1. Тез жабуға кез-келген уақытта жететіндігін
қамтамасыз етіп, тасымалдауға арналған
белдікті тұтқадағы ілмеккке бекітіңіз.
Сурет M
Қолдану
ЕСКЕРТУ
Толық жиналмаған құрылғы салдарынан
жарақат алу қаупі бар
Құрылғыны толық жинақталғанда жəне жұмыс
істеп тұрғанда ғана қолданыңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Ұшатын заттардан жарақат алу қаупі бар
Құрылғымен кез-келген жұмыс жасау кезінде
көзілдірік пен арнайы қорғайтын қолғап киіңіз.
Басқару элементтері
Аккумуляторлы ауа үрлегіш келесі басқару
элементтерінен тұрады:
 Ауа ағыны жылдамдығын үздіксіз реттеуге
арналған айналым жиілігін реттейтін иінтіректен.
 Үрлеу режімі мен сору режіміне ауыстыруға
арналған иінтіректен.
 Сору құбырын қозғалтқыш корпусына жалғау
немесе оны қозғалтқыш корпусынан ажырату
үшін сору құбырын бекітуге/босатуға арналған
жүгірткілер.
 Үрлеу құбырын қозғалтқыш корпусынан ажырату
үшін үрлеу құбырын бұғаттаудан шығару түймесі.
Аккумуляторды салыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
Кір байланыстар
Құрылғыдағы жəне аккумулятордағы зақымдар
Батарея ұстағышын жəне контактілерін
кірлегенге дейін тексеріп, қажет болса тазалаңыз.
Сурет N
1. Батареяны ұстағышқа бекітілген дыбыс
естілгенше итеріңіз.
Құрылғыны қосу (сору режімі)
АБАЙЛАҢЫЗ
Ұшатын бөлшектер салдарынан жарақат алу
жəне. Шу əсерінен есту мүшесіне зиян келу
қаупі бар
Үнемі көзді қорғайтын жəне есту мүшесін
қорғайтын құралды тағыңыз.
ЕСКЕРТУ
Бақылауды жоғалтудан жарақат алу қаупі
Құрылғыны үнемі екі қолмен арнайы тұтқаларынан
ұстаңыз.
1. Аккумулятор жинағын орнатыңыз, бөлімді
қараңыз Аккумуляторды салыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
Сурет O
a Иінтіректі сору режиміне баптаңыз.
b Құрылғы ауыстырғышын басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
c Айналым жиілігін реттегішінің көмегімен ауа
ағынының күшін реттеңіз.
Құрылғыны қосу (Ауа үрлеу режімі)
АБАЙЛАҢЫЗ
Ұшатын бөлшектер салдарынан жарақат алу
жəне. Шу əсерінен есту мүшесіне зиян келу
қаупі бар
Үнемі көзді қорғайтын жəне есту мүшесін
қорғайтын құралды тағыңыз.
ЕСКЕРТУ
Бақылауды жоғалтудан жарақат алу қаупі
Құрылғыны үнемі екі қолмен арнайы тұтқаларынан
ұстаңыз.
1. Аккумулятор жинағын орнатыңыз, бөлімді
қараңыз Аккумуляторды салыңыз.
2. Құрылғыны іске қосыңыз.
Сурет P
a Иінтіректі ауа үрлеу режиміне баптаңыз.
b Құрылғы ауыстырғышын басыңыз.
Құрылғы іске қосылады.
c Айналым жиілігін реттегішінің көмегімен ауа
ағынының күшін реттеңіз.
Қоқыс жинағыш қапты алып тастау
ЕСКЕРТУ
Желдеткіштің жəне қиюшы пышақтардың
қозғалысы
Кесіктер
Қорғаныс қолғапты киіңіз.
Саусақтарыңызды желдеткіш пен қиюшы
пышақтардан алыс ұстаңыз.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Аккумулятор жинағын алып тастаңыз, бөлімді
қараңыз Аккумулятор жинағын алып тастаңыз.
3. Қоқыс жинағыш қапты алып тастаңыз.
Сурет Q
a Қоқыс жинағыш қаптың қақпағын ілмектен
ажыратыңыз.
b Адаптерді төменге қарай басыңыз.
c Қоқыс жинағыш қапты саптамадан алып
тастаңыз.
Қоқыс жинағыш қапты босату
ЕСКЕРТУ
Желдеткіштің жəне қиюшы пышақтардың
қозғалысы
Кесіктер
Қорғаныс қолғапты киіңіз.
Саусақтарыңызды желдеткіш пен қиюшы
пышақтардан алыс ұстаңыз.
1. Құрылғыны өшіріңіз.
2. Аккумулятор жинағын алып тастаңыз, бөлімді
қараңыз Аккумулятор жинағын алып тастаңыз.
3. Қоқыс жинағыш қапты алыңыз, бөлімді қараңыз
Қоқыс жинағыш қапты алып тастау.
Қазақша
309
loading