Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) "Off"
күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы
бұғатталады.
Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
u
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
45 °C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс
температурасынан асырған жағдайда лазер диоды
қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта
қосылуы мүмкін.
Өшіру автоматикасы
Егер шам. 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір
түйме басылмаса, өлшеу құралы батарея зарядын сақтау
үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты өшкен соң қайта іске қосу
үшін, ажыратқышты (4) алдымен "Off" күйіне жылжытып,
содан кейін өлшеу құралын қайта іске қосыңыз немесе
лазер жұмыс режимінің түймесін (3) басыңыз.
Өшу автоматикасын өшіру үшін (өлшеу құралы қосулы
болғанда) жұмыс түрлері пернесін (3) кемінде 3 сек.
басып ұстаңыз. Өшу автоматикасы өшкен болса, лазер
сәулелері растау үшін қысқа уақыт жыпылықтайды.
Нұсқау: жұмыс температурасы 45 °C шамасынан жоғары
болса, өшу автоматикасын бұдан былай өшіруге
болмайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын
өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды
әркез ауыстыруға болады:
– Қиылысу мен нүктелі жұмыс режимі (A суретін
қараңыз): өлшеу құралы алға қарай көлденең және тік
лазер сызығын және жоғары және төмен қарай тігінен
бір лазер сызығын шығарады.
– Көлденең режим (B суретін қараңыз): өлшеу құралы
көлденең лазер сызығын шығарады.
– Тік режим (C суретін қараңыз): өлшеу құралы тік
лазер сызығын шығарады.
Өлшеу құралы бөлмеде орналасқанда, тік лазер
сызығы төбеде жоғарғы лазерлік нүктеден жоғары
көрсетіледі.
– Нүктелі режим (D суретін қараңыз): өлшеу құралы
жоғары және төмен қарай тігінен бір лазерлік нүктені
шығарады.
Жұмыс режимін ауыстыру үшін лазер жұмыс режимінің
түймесін (3) лазер сәулелері қалаулы жұмыс режимінде
шыққанша басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен
да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (19)
бірге жұмыс істеуге жарамды.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы жұмыс барысында әрдайым күйді
қадағалайды. ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу
аймағының аясында орнатқан кезде, ол нивелирлеу
автоматикасымен жұмыс істейді. Өздігінен нивелирлеу
аймағынан тыс ол автоматты түрде еңіс функциясына
ауысады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу (A–D
суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, бұрама
ұстағышқа (11) немесе штативке (21) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен
нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты
түрде тегістейді. Лазер сәулелері үздіксіз жанып
тұрғанда, өлшеу құралы нивелирленген болады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы,
өлшеу құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4°
шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері
алдымен 2 секунд жылдам ырғақпен, ал содан кейін
5 секунд сайын жылдам ырғақпен бірнеше рет
жыпылықтайды. Өлшеу құралы еңіс функциясында
тұрады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеуді жалғастыру
үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен
нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4°
шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса,
лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді.
Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы
пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік
сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып
тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу (E суретін қараңыз)
Өлшеу құралын еңіс бетке қойыңыз. Еңіс функциясымен
жұмыс істеген кезде, лазер сәулелері алдымен 2 секунд
жылдам ырғақпен, ал содан кейін 5 секунд сайын
жылдам ырғақпен жыпылықтайды.
Еңіс функциясында лазер сызықтары бұдан былай
нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Қазақ | 145
1 609 92A 5EN | (20.03.2020)