Қосалқы Құрал; Басқа Да Қосалқы Бөлшектер - Stihl RM 3 RT Manual De Instrucciones

Ocultar thumbs Ver también para RM 3 RT:
Tabla de contenido
Idiomas disponibles
  • ES

Idiomas disponibles

  • ESPAÑOL, página 115
Құрылғыны тасымалдау кезінде
тіреңіз.
● Құрылғыны тек таза, тегіс жүк тиеу
алаңында, барлық 3 дөңгелекте
тұрғызып тасымалдаңыз жəне
арнайы бекіту құралдарының
көмегімен жылжып кетуден қорғаңыз.
● Арқандар мен қайыстарды бас
тұтқаның төменгі бөлігінде (3) жəне
дөңгелек ашасында (4) бекітіңіз.
14. Тозу дəрежесін
барынша азайту жəне
зақымдардан қорғау
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинді көгалшапқыш (STIHL RM)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нəтижесінде,
əсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нəтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады жəне
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
Оларға мыналар жатады:
– Пышақ
– Сына тəрізді белдік
510
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
жəне оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
жəне техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
– өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
– STIHL компаниясы тарапынан рұқсат
етілмеген өндірістік материалдарды
қолдану (майлау материалдары,
бензин жəне мотор майы, іштен
жанатын қозғалтқыш өндірушісінің
мəліметтерін қараңыз).
– сапасы төмен, қабылдарлық емес,
құрылғыға арналмаған құралдарды
жəне керек-жарақтарды пайдалану.
– өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
– өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
– бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды жəне
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады жəне техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Осы жұмыстар өткізілмеген жағдайда
пайдаланушыны жауапкершілікке
тартатын зақымдар пайда болуы
мүмкін.
Оларға мыналар жатады:
– тоттануға жəне дұрыс сақтамауға
байланысты басқа да зақымдары.
– сапасыз қосалқы бөлшектерді
қолдануға байланысты сынған
жерлері.
– уақытында өткізілмеген немесе
жеткіліксіз түрде өткізілген
техникалық қызметтен туындаған не
болмаса біліксіз тұлғалар тарапынан
өткізілетін сервистік жəне жөндеу
жұмыстарының кезінде пайда болған
зақымдар.
15. Қосалқы құрал
Disk Cut
6909 700 5106
16. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Шапқыш пышағы (топырақ бетін жабу
жабындарына арналған пышақ)
6105 702 0121
Пышақ бұрандамасы
9008 319 9075
Қорғауыш шайба
0000 702 6600
0478 111 9938 A - KK
Tabla de contenido
loading

Este manual también es adecuado para:

Rm 3 rtx

Tabla de contenido