OBJ_BUCH-1536-004.book Page 118 Tuesday, September 6, 2016 11:34 AM
118 | Қaзақша
Дірілдеу қуатын нақты есептеу үшін құрал өшірілген және
қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру
қажет. Бұл дірілдеу қуатын бүкіл жұмыс уақытында қатты
төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Сәйкестік мәлімдемесі
Жеке жауапкершілікпен біз „Техникалық мәліметтер"-де
сипатталған өнімнің төмендегі ереже немесе нормативті
құжаттарға сәйкес екенін білдіреміз: EN 60745,
EN 50581, 2009/125/EC (1194/2012 бұйрық),
2011/65/EU, 2014/30/EU, 2006/42/EC ережелеріндегі
анықтамалары бойынша.
Техникалық құжаттар (2006/42/EC) төмендегідеi:
Robert Bosch Power Tools GmbH, PT/ECS,
70538 Stuttgart, GERMANY
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering and
PT/ECS
Manufacturing
Robert Bosch Power Tools GmbH
70538 Stuttgart, GERMANY
Stuttgart, 01.01.2017
Жинау
Аккумуляторды зарядтау
Тек керек-жабдықтар бетінде көрсетілген зарядтау
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын қамтамасыз
ету үшін пайдалану алдында аккумуляторды зарядтау
құрылғысында толығымен зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор „Electronic Cell Protection
(ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған.
Аккумулятор заряды жоқ болса электр құралы қорғаныс
схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа
қозғалмайды.
Электр құралы автоматты ретте өшкеннен соң
қосқыш/өшіргішті басқа баспаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумулятор теріс температуралық коэффициенті бар
температураны басқару функциясымен жабдықталған, ол
тек 0 °C–45 °C температуралық режим шектерінде
1 609 92A 2CW | (6.9.16)
зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша ұзақ пайдалану
мерзіміне қол жетеді.
Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз.
Аккумуляторды шешу
Аккумулятордың 7 екі бекіту басқышы бар, олар
аккумудяторды ашу пернесі 8 кездейсоқ басылып
аккумулятор түсіп кетуінен сақтайды. Аккумулятор электр
құралында орнатулы болса, оны серіппе жайында ұстап
тұрады.
Аккумуляторды 7 шығару үшін ашу пернесін 8 басып,
аккумуляторды электр құралынан алға тартып
шығарыңыз. Тартқан кезде күш салмаңыз.
Жұмыс құралын ауыстыру (А суретін
қараңыз)
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Кездейсоқ қосылғанда жарақат алу қаупі бар.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Бекіту төлкесін 3 алға тартып алмалы-салмалы аспапты
тірелгенше аспап патронына 2 жылжытып бекіту төлкесін
3 жіберіп алмалы-салмалы аспапты бекітіңіз.
Бұрау үшін тек 1 (DIN 3126-E6.3) шарлық ысырмасы бар
қондырма биталарды пайдаланыңыз. Басқа қондырма
биталарды 13 шарлық ысырмасы бар әмбебап бита
ұстағышы 12 арқылы орнатыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Бекіту төлкесін 3 алдынға жылжытып алмалы-салмалы
аспапты шешіңіз.
Пайдалану
Функционалды жұмыс істеу әдісі
Аспап патроны 2 алмалы-салмалы аспабпен электр
қозғалтқыштан беріліс пен қағу механизмы арқылы
жүргізіледі.
Жұмыс әдісі екі басқышқа бөлектенеді:
Бұрау мен тарту (қағу механизмі жұмыста).
Қағу механизмі бұранда қатып қозғалтқыш жүктелгенде
іске қосылады. Қағу механизмі де осылай қозғалтқыш
күшін бір қалыпты бұрап қағуларға айналдырады. Бұранда
немесе сомындарды босатуда бұл әдіс керісінше
орындалады.
Bosch Power Tools